Әскери кадрларды әлемнің жетекші зерттеу орталықтарында даярлау мәселесі талқыланды

Тараптар қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыруға қызығушылық танытты

Астанада Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков пен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрайымы Әлия Оспанованың кездесуі өтті. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Рәсім барысында Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы әскери педагогтар мен магистранттар қатысатын іргелі және қолданбалы зерттеулерге тоқталды. 

Оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамы және магистранттарымен кездесуде Әлия Оспанова өзі басқаратын мекеме қызметінің бағыттары туралы айтып берді. Халықаралық бағдарламалар орталығы шетелде кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру іс-шаралар кешенін жүзеге асырады. «Болашақ» халықаралық президенттік бағдарламасын іске асырумен қатар мекеме үкіметаралық гранттар мен ғылыми тағылымдамалардың іргетасы болып саналады.

Әлия Оспанова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың озық ғылыми технологиялар трансферті жөніндегі тапсырмасының орындалғаны жайлы хабардар етті. Бұл жоба әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның жыл сайынғы тағылымдамадан өтуін қолдайды.

Тараптар қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыруға қызығушылық танытты. Ынтымақтастық мамандардың кәсіби өсуіне және ел Қарулы күштерінің кадрлық әлеуетін нығайтуға ықпал ететін болады.

__Последние новости

  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03
Админ
  • Басты назарда

Запасқа шықты сарбаздар

05/05/2025 - 18:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздар қатары

05/05/2025 - 14:19
  • Басты назарда

Далалық лагердегі дайындық

01/05/2025 - 13:57
  • Басты назарда

Жеңіс мерекесіне арналған турнир

30/04/2025 - 11:54
  • Басты назарда

Сөнбейді әке, шырағың!

30/04/2025 - 11:51
  • Басты назарда

Жеңіс жолын жалғастырушы

28/04/2025 - 13:50
  • Басты назарда

Ұлы Жеңіске арнау

28/04/2025 - 11:53
  • Басты назарда

Үстел ойынының жеңімпазы

28/04/2025 - 10:48
  • Басты назарда

Ұлық мерекеге арналды

27/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Мен атаммен мақтанамын!

27/04/2025 - 11:52