Қазақстан мен Кипр сотталған адамдарды беру туралы келісім жасады

Келісімге сәйкес, екі елдің азаматтары қылмыстық жауапкершілікті өз мемлекеттерінде өтейді

Астанада Кипр Сыртқы істер министрінің Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімге қол қою рәсімі өтті. Бұл туралы Sarbaz.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Келісімге Қазақстанның Бас Прокуроры Берік Асылов пен Кипрдің Сыртқы істер министрі Константинос Комбос қол қойды.

«Бұл халықаралық құжат қазақстандық азаматтарға Кипрде жасаған қылмыстары үшін бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда тағайындалған жазаларын өз елімізде өтеуге мүмкіндік береді.

Бұл өз кезегінде сотталғандарды олардың азаматтық қатыстылығы қоғамында оңалту және ықпалдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Кипрдің азаматтары да Қазақстанда сотталған жағдайда осындай мүмкіндікке ие болады.

Мұндай түрдегі халықаралық келісімдерді жасасу Қазақстан Конституциясының 11-бабының талаптарымен көзделген, оған сәйкес мемлекет өзінің одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік береді», – делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың қазан айында Қазақстан Кипр тарапымен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы және адамдарды ұстап беру туралы шарттар жасасқан болатын.

Кипр Қазақстанда қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық үшін барлық қажетті халықаралық-құқықтық негіз қалыптасқан кезекті еуропалық елі болғанын атап өткен жөн.

Айта кетейік, Бас прокуратура Sarbaz.kz редакциясының ресми сауалына жауап ретінде соңғы бес жылда шетелде сотталған 177 қазақстандық жазасын ары қарай өтеу үшін елге жеткізілгенін мәлімдеген.

Сол сияқты Бас прокуратура алдағы уақытта осындай келісімді қай елдермен жасауды жоспарлап отырғаны туралы хабарлаған.

__Последние новости

  • Басты назарда

Оқу-әдістемелік жиын

24/11/2024 - 10:27
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

23/11/2024 - 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59