Ресейдің Украинаға атқан зымыраны Польшаға дейін жетті

Украинаға бағытталған зымырандардың бірі Польшаның әуе кеңістігіне кіріп кеткен

Админ

Жексенбіге қараған түні Ресей Украинаға кезекті жаппай шабуыл жасады. Польша билігі зымырандардың бірі елдің әуе кеңістігіне кіріп кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды ВВС сайты.

Украина Әскери-әуе күштерінің мәліметі бойынша, түнде Украинаға 29 қанатты зымыран ұшырылды, оның 18-і қағып түсірілді. Сондай-ақ Шахед типті 28 дрон (25-і атып түсірілді) шабуыл жасады.

Киев қалалық әскери басқармасының мәлімдемесіне сәйкес, Украина астанасының әуесінде 10 шақты қанатты зымыран атып түсірілген. 

Ал Польша әскерінің мәлімдесіне сәйкес, Украинаның батысындағы қалаларға атылған ресейлік қанатты зымырандардың бірі Польшаның әуе кеңістігін бұзған. 

Объект Польшаның әуе кеңістігі арқылы Осьердов ауылының (Люблин воеводствосы) үстінен ұшып өтті. Ол 39 секунд бойы сонда болды, - делінген Польша қарулы күштерінің қолбасшылығының хабарламасында.

Әскерилер «Польша әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданғанын», соның ішінде «Польша мен одақтас авиацияның жұмыс істегені» туралы айтты.

Ресей әзірге бұл мәлімдемелерге түсініктеме бермеді.

Біз бұған дейін Польша өзінің шығыс шекарасында әскер санын көбейтіп жатқанын жазған едік.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Кеше, 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

Кеше, 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30