БҰҰ Бас хатшысы Газаға гуманитарлық көмекті бұғаттауға наразылық білдірді

Бұл туралы Антонио Гутерриш Египет шекарасындағы Рафах бақылау бекетіне барған кезде мәлімдеді

Админ

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш БҰҰ-ның Рафах қақпасының алдында сөйлеген сөзінде Израильге Газаға гуманитарлық жүктердің кедергісіз жетуін қамтамасыз ету үшін нақты міндеттеме беретін уақыт келгенін атап өтті. БҰҰ Бас хатшысы гуманитарлық себептермен атысты дереу тоқтатуға және Газада ұсталған израильдік кепілге алынған адамдарды босатуға шақырды, деп хабарлайды golosameriki.com сайты.

Осы бақылау-өткізу пунктінің аумағынан біз жағдайдың қаншалықты қорқынышты әрі сұмдық екенін көріп тұрмыз. Қақпаның бір жағында гуманитарлық көмекті алып келе жатқан жүк көліктерінің ұзын тізбегі, ал екінші жағында аштықтың ұзақ көлеңкесі. Бұл трагедия ғана емес, бұл нағыз ұят, – деді ол. 

Израиль палестиналық содырлар гуманитарлық көмекті өздеріне бағыттайды деп қорқып, анклавқа барлық жер өткелдерін жабық ұстап отыр. Желтоқсан айының соңында Рафах маңында Израиль билігі Египет пен БҰҰ гуманитарлық ұйымдарының гуманитарлық көмек жеткізілімдерін кешіктірді деген айыптауларын жоққа шығарып, БҰҰ бұл көмекті Газа ішінде тарата алмады деп мәлімдеді.

Гутерриш Газаның 2,3 миллион тұрғыны паналап жатқан Рафах қаласына бағытталған Израильдің жердегі операциясына қарсы болды. 

Сондай-ақ Гутерриш Египеттегі Синай түбегінің солтүстігіндегі Әл-Ариш қаласына да бар. Ол жерде Газаға бағытталған халықаралық көмектің көп бөлігі жиналады.

Оны қабылдаған аймақ губернаторы Мұхаммед Шуша Солтүстік Синайда 7 мыңға жуық жүк көлігі Газаға көмек жеткізуге рұқсат күтіп тұрғанын айтты. Алайда жүк көліктерінің ағыны Израильдің тексеру жұмыстары үшін айтарлықтай баяу жүріп жатыр.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02