Әскерилер жаңа нысандарды салып, азаматтық қорғаныс жүйесін ұйымдастырады
Польшаның Қорғаныс министрі Владислав Косиняк-Камыш Беларусьпен шекараны нығайтуға уәде берді, деп хабарлайды PAP агенттігі.
Елдің Подляск, Люблинск, Вармин-Мазурск және Подкарпатск аймақтары ерекше бақылауға алынады. Себебі олар Беларусь, Литва, Украина және Ресейдің Калининград облысымен шектеседі.
Әскер қауіпсіздікті нығайтумен қатар, әрбір отандасымызды және жердің әр бөлігін қорғау үшін жаңа нысандар салуды жоспарлап отыр. Мен мұны біреуді қорқыту үшін емес, қарсыластарымызды ұстау үшін айтып отырмын, – деді министр.
Оның айтуынша, азаматтық қорғаныс жүйесін ұйымдастыру да жандануда.
Жақында Беларусь тарапынан Польша шекарасын заңсыз кесіп өту әрекеттері жиілеп кетті, шекарадағы жағдай Ұлттық қауіпсіздік комитетінің отырысында талқылау тақырыбына айналды, деп толықтырды министр.
Қазір шекараны заңсыз басып өтуге күн сайын 130 адамдай тырысады. Жалпы аймақтағы көші-қон дағдарысы басталғалы бері польшалық шекарашылар Беларусьтан заңсыз өтуге 80 мыңнан астам әрекетті анықтады.