Мәскеудегі теракт: Қылмыс жасаған 4 террорист ұсталды

Қаза болғандардың саны 93-ке жетті

Админ

Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) директоры Александр Бортников Владимир Путинге 11 адамды, оның ішінде «Крокус Сити Холлда» болған 4 террористің ұсталғаны жөнінде баяндама жасады, деп хабарлайды РБК сайты.

Бортников Путинге «Крокус Сити Холлда» шабуыл жасағандардың көмекші базасын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаған. 

Ал Baza ақпарат көзі алдын ала мәліметтер бойынша, ұсталғандардың бірі Душанбенің 19 жастағы тумасы екенін жазады. Оның жарақатынан сол көзі жабылмай қалып, ауруханаға жеткізілген.

Брянск облысында «Крокус Сити Холлға» шабуыл жасады деген екі күдікті ұсталды. Күдіктілер болған көлік Беларусь пен Украина шекарасынан бірнеше шақырым жерде Теплый ауылының маңында тоқтатылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, көлікте алты адам болған: екеуі ұсталды, тағы төртеуі қашып үлгерді. Ұсталғандар – Тәжікстан азаматтары. Қазір олармен арнайы қызметтердің қызметкерлері жұмыс істеп, лаңкестік шабуылға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Қазір уақыт тағы төртеуі іздеуде, - делінген сенбідегі хабарламада.

Айта кетейік, 22 наурызда қарулы лаңкестер «Крокус Сити Холл» концерт залына басып кіріп, «Пикник» тобының қойылымын тыңдауға келген адамдарға оқ жаудырды. Осыдан кейін ғимаратта жарылыстар естіліп, өрт шықты. Ресей тергеу комитеті (РТК) 60-тан астам адамның қайтыс болғанын әрі бұл көрсеткіш артуы мүмкін екенін хабарлады. РТК террористік акт туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғады.

Кремль Ресей қауіпсіздік қызметі, ішкі істер министрлігі, тергеу комитеті, төтенше жағдайлар министрлігі, росгвардия басшылары Владимир Путинге "Крокустағы" шабуылға қатысты тергеу барысы жөнінде баяндағанын хабарлады.

Бүгін таңға жуық «Крокустағы» шабуылдан зардап шеккендердің бәрі оқиға орнынан эвакуацияланғаны жөнінде ақпарат пайда болды. Тікұшақтар өртті сөндіру жұмыстарын аяқтаған. Соңғы мәліметтерге қарағанда, Мәскеудегі теракттан қаза болған адам саны 93-ке жеткен.

Мәскеуде Қазақстан азаматтары үшін 8 (925) 897-71-14 телефоны бойынша жедел желі жұмыс істейді.

__Последние новости

  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Бүгін, 10:21
Админ
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Кеше, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28