Қарулы күштер Наурыз мерекесін тойлап жатыр

Әскери қызметшілер «Жыл басын» қуанышпен қарсы алды

Админ

Көктем мерекесі – Ұлыстың ұлы күні келді. Әскери бөлімдерде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, үй-жайлар безендірілді. Наурыз көже мен бауырсақ қойылған мерекелік мәзір әскери қызметшілерге ерекше көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әскери бөлімдердің қолбасшылығы кезекшіліктегі әскери қызметшілерді Наурыз мейрамымен құттықтады. Еліміздің әуе шебін күзетіп, тәуліктік кезекшілік атқаратын шалғайдағы гарнизондардың мерзімді қызмет сарбаздарына ерекше назар аударылды. Жауынгерлерге мықты  денсаулық, тамаша көңіл-күй, жауынгерлік дайындықта жетістік тіледі. Естелік ретінде оларға сыйлықтар берілді.

Қарулы күштер түрлері мен әскер тектерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінде бұл күні ұлттық спорт түрлерінен жарыстар және басқа да мерекелік іс-шаралар өтті.

"Астана" өңірлік қолбасшылығында спорттық жарыстардан, түрлі қойылымдар мен концерттерден бөлек "тұсау кесу" рәсімі өткізілді. "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Ержан Ибраев әскери қызметші майор Тұманбай Бескемпіровтің ұлы Жантөренің тұсауын кесіп, қадамына сәттілік тіледі.

Сонымен бірге сарбаздарға "Отбасымен бейнеқоңырау" бейнеқызметі арқылы туыстарымен байланысқа шығуға мүмкіндік берілді. Сарбаздар жақындарына әскери-есептік мамандықты игерудегі жетістіктері, бос уақыттарының қалай ұйымдастырылатыны және мереке күндері қалай өткені туралы айтып берді. Жаңалық алмасып, бір-біріне ізгі тілектерін білдірді.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30