Шмыгаль: Әскерге 500 мың украиналықты мобилизациялаудың қажеті жоқ

Украина премьер-министрінің айтуынша, майдан шебінде болып жатқан ротация мен келіп жатқан қару-жарақты ескере отырып мұндай ауқымды мобилизация қажет емес

Админ

Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль майдан шебіне жаңа азаматтарды шақыруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды dw.com сайты.

Бұған дейін Financial Times газеті Украинадағы әскери қызметке жарты миллионға дейін адам шақырылуы мүмкін деп жазған болатын. Украинаның Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, әскерге шақырылушылардың көбі қазір майдан даласында тұрған 330 мың әскери қызметшіні алмастыруы керек. Ал қалған әскерге шақырылушылар қаза тапқандардың орнын басып, майдандағы жағдайға байланысты басқа әскери міндеттер үшін пайдаланылады.

Айта кетейік, жалпы мобилизация Украинада қақтығыс басталғаннан бері жалғасуда. Қазір Жоғарғы Рада әскерге шақыру ережелерін өзгерту туралы заң жобасымен жұмыс істеп жатыр. Бұл заң жобасын Рада 31 наурызда екінші оқылымда қарайды деп күтілуде.

Бақылаушылар Украина Қарулы Күштерінің (УҚК) майдандағы қиындықтары әскери қызметшілердің жетіспеушілігімен де байланысты екенін бірнеше рет атап өтті. Өз кезегінде Денис Шмыгаль бірінші орынға жаңа қару-жараққа қажеттілікті шығарды.

Егер біз серіктестерімізден артиллериялық оқ-дәрілер, алыс және орта қашықтыққа ататын зымырандар алсақ, күресуді жалғастырамыз, – деді Украина премьер-министрі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский әскерилер тағы 450-500 мың адамды Қарулы күштер қатарына мобилизациялауды ұсынғанын айтқан еді.

__Последние новости

  • Сараптама

Азаматтық борышты өтеуге аттанды

Кеше, 14:34
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

Кеше, 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АНА ТӘРБИЕСІ – АЛТЫН ҚАЗЫҚ

15/10/2025 - 15:11
  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31