Ақтөбе облысында полицейлер жас жігіттен 500 дозадан астам есірткі тапты

Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Ақтөбе облысының полицейлері заңсыз айналымнан 500 дозадан астам есірткі тәркіледі. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Ақтөбе қаласындағы саяжайда жас жігіттің басқаруындағы Skoda Rapid автокөлігін тоқтатты.

Жеке тінту кезінде автокөлікте болған жолаушыдан полицейлер ұнтақ зат салынған 3 орама тәркіледі. Бұдан әрі қызметтік-іздестіру итінің қатысуымен тінту барысында көлік ішінен ұнтақ зат салынған тағы 124 түйіншек тәркіленді.

Жүргізушінің тұрғылықты жерін тінту барысында да ұнтақ зат салынған 9 түйіншек табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттар жалпы салмағы 100 грамнан асатын мефедрон есірткі заты болып шықты. Бұл шамамен 3 млн теңгеге бағаланатын 550-ден астам бір реттік доза.

Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Осы баптың санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02