Құрбандар саны, келіссөздер, Израильдегі наразылық: Таяу Шығыстағы ахуал қандай?

Тель-Авивте ондаған мың адам жиналып, Израиль үкіметіне қарсы наразылықтар өткізді

Палестина дереккөздерінің мәліметінше, аймақтағы Нусейрат босқындар лагерінде Израильдің әуе шабуылынан 30-дан астам адам, негізінен бір отбасының мүшелері қаза тапты. Бомбалау отбасы сәресіге ауыз бекіту үшін тамақ дайындау барысында жиналған сәтте болды деп айтылады. IDF болған оқиғаны анықтайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қақтығыстар мен жарылыстар жалғасып жатқандықтан, Қатар, Израиль және Мысыр арасындағы бітімге келу келіссөздері жексенбі күні Дохада қайта жалғасуы керек болатын. Онда ХАМАС-тың кепілге алынғандарды алмастыру туралы соңғы ұсынысы талқыланады деп күтіліп отыр. Израиль делегациясын Моссад директоры Дэвид Барнеа басқарады.

Сенбі күні дәстүрлі түрде Тель-Авивте ондаған мың адам жиналып, Израиль үкіметіне қарсы наразылықтар өткізді. Олар үкіметтен кепілге алынғандарды босату жоспарын қабылдауды талап етеді.

Осыған байланысты Үкімет жексенбілік отырыста 7 қазанды ХАМАС шабуылының құрбандарын еске алу ұлттық күні етіп тағайындайды деп күтіліп отыр.

Тағы бір бейбітшілік бастамасымен Германия канцлері Олаф Шольц Таяу Шығыс сапарына аттанды: алдымен Иорданияға, содан кейін Израильге баруы керек. Оның басты мақсаты Газаға гуманитарлық көмектің көбірек жетуіне мүмкіндік беру. Бұған дейін Шольц басқа да бірқатар еуропалық көшбасшылар сияқты бітімге қолжеткізуді жақтаған болатын.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19