The Telegraph: Украинада әуе қорғанысының зымырандары таусылып жатыр

Оқ-дәрілердің жетіспеушілігі Украинаның наурыз айының соңына қарай бес зымыранның біреуін ғана атып түсіруіне әкеледі

Админ

Украинаның Қарулы Күштері (УҚК) оқ-дәрілердің тапшылығына байланысты наурыз айының соңына дейін өз қалаларын әуе шабуылдарына қарсы қорғаныс үшін пайдаланатын зымырандар қорын сарқып тастауы мүмкін, деп жазады британиялық The Telegraph газеті.

Қазір Украина өзіне ұшқан ресейлік бес зымыранның төртеуін атып түсіріп жатыр. Ал ай соңына қарай олар бес зымыранның біреуін ғана атып түсіре алады, – деп жазады газет

Ресей армиясы қару-жарақ саны бойынша Украинадан асып түскенін пайдаланып, Украинадағы Әуе қорғанысы зымырандарының қорларының сарқылуы туралы хабарлардың аясында Украина аумағына әуе шабуылдарын күшейтуге дайындалып жатыр.

Оқ-дәрілерге қатысты ауыр жағдайға орай АҚШ саясаткерлері Украинаға әскери көмекті жалғастырудың орындылығы туралы қызу пікірталастар жүргізуде. Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбан Дональд Трамп президент болып қайта сайланған жағдайда АҚШ Украинаға ақша бермейді деп хабарлады.

Польшаның Премьер-министрі Дональд Туск АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсонды Украинаға 60 миллиард доллар көлемінде америкалық көмектің жаңа пакетіне дауыс беру процесін жеделдетуге шақырды. 

12 наурызда Вашингтон Киевке 300 миллион долларға жедел әскери көмек бөлетінін жариялады, бірақ АҚШ Украинаға Конгресстің қосымша қаржыландыруынсыз тағы бір үлкен пакет бере алмайтынын ескертті.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Кеше, 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

Кеше, 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30