Әскери қызметшілер Ұлттық дәстүрлер күнін атап өтті

Талдықорған қаласында Жетісу гарнизоны әскери қызметшілерінің қатысуымен тұсаукесер рәсімі өтті

Админ

Наурыз мейрамы аясында "Жастар" спорт сарайында өткен іс-шараны ұйымдастырушылар бір сәтте 50 баланың тұсауын кесіп, Қазақстан рекордын орнатты, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұсаукесер рәсіміне облыс әкімі Бейбіт Исабаев, мәслихат депутаттары, белгілі мәдениет және қоғам қайраткерлері, спортшылар, әскери қызметшілер мен ардагерлер қатысты. Рәсімде тұсауы кесілген балалардың санын қазақстандық рекордтар кітабын тіркеу департаментінің директоры Бақытжан Тастүлеков куәландырды.

Елімізде алғаш рет өткізіліп отырған ауқымды іс-шарада 48386 әскери бөлімі байланыс взводының аға маманы кіші сержант Әсем Сехимбаеваның ұлы Сұлтанның да тұсауы кесілді.

Бұл құрметке Қарулы күштердің ардагері, Жетісу гарнизоны әскери госпиталінің сәулелі диагностика бөлімшесінің жоғары санаттағы дәрігері запастағы подполковник Асхат Исатаев ие болды. Ата салтымен ала жіпті қиып, тұсаукесер рәсімін жасаған ардагер Сұлтанға ақ батасын берді. 

Көп балалы ана Әсем Ержанқызы Қарулы күштер қатарында 23 жылдан бері қызмет етіп келеді. Өмірлік серігі Ұлан Сарқытбекұлы 18404 әскери бөлімінде Қарулы күштердің қызметкері болып еңбек етеді. Тұңғышы Әлихан – болашақ Отан қорғаушы. Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының 3 курсында оқиды.

Әсем 2015 жылы Қарулы күштердегі әскери қызметші қыз-келіншектер арасында алғаш рет өткен «Батыр арулар» республикалық байқауының жеңімпазы атанған. III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» және «Әскери барлаудағы қызметі үшін» медальдарының иегері.

Мерекелік іс-шараға Жетісу облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Рүстем Рахымбаев та қатысты.

Ол 48386 әскери бөлімінің әскери қызметшісі сержант Ержан Бейсеновтің қызы Айкөркемнің тұсауын кесіп, ақ батасын берді.

Наурыз - ерекше мереке. Ол адам бойындағы шынайылық, жауапкершілік және мейірімділік секілді ең жақсы қасиеттерді ашады. Бүгінгі айтылған барлық ізгі тілектер қабыл болсын. Еліміз тыныш, балаларымыздың бақытты күндері көп бола берсін! - деді ол.

Бүгінгі мерекеде тұсауы кесіліп, өмірге алғаш қадам жасаған балалардың арасынан ата-анасының жолын жалғастыратын әскери қызметшілер шығуы да мүмкін. Өйткені бейбіт өмір қорғауды қажет етеді.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Бүгін, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

Кеше, 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22