Күштеп шығарылды: Көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерге Қазақстан тиісті шара қолданды

«Мигрант» операциясы аясында елімізде көші-қон ережелерін бұзып, сот шешімінен жалтарып жүрген шетелдіктерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

ҚР ІІМ-нің мәліметінше, іс-шараның үш күнінде көші-қон заңнамасын бұзушыларды ел аумағынан шығару туралы 504 сот шешімі шығарылған. Тәртіпке бағынбаған 62 шетелдікті ел аумағынан күштеп шығаруға тура келген. Оларға бес жылға дейін Қазақстанға кіруге тыйым салынды.

«Полицейлер Алматы әкімдігінің көмегімен африкалық жеті тұрғынды елден күштеп шығарды. Олар еліміздің көші-қон заңнамасын бұзып, белгіленген мерзімде Қазақстаннан шықпай, сот шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазақстан Республикасының шекарасынан шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жаза қолданды», - делінген ІІМ хабарламасында.

Шетелдіктерді елге шақырған ұйымдар да полиция тарапынан әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 90 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, жұмыс беруші ұйымдар депортацияға жұмсалған шығынды өтеуі тиіс.

Көші-қон қызметі елге шетелдіктерді шақыратын қазақстандықтарға олардың елден уақытылы шығуын ұйымдастыру қажет екенін еске салады.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

Бүгін, 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ШЫРАЙЛЫ ШЫҒЫСТАҒЫ ПРЕСС-ТУР

30/10/2025 - 10:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯМЫЗДЫҢ «АЙБЫНЫ»

28/10/2025 - 15:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Сарбаз» – сүйікті газетіміз

28/10/2025 - 10:18
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАЙЛАНЫСЫМДЫ ҮЗБЕГЕН БАСЫЛЫМ

27/10/2025 - 10:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ

25/10/2025 - 17:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

23/10/2025 - 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33