Парсы шығанағы, Пәкістан, Үндістан, Шығыс Африка: Қазақстан экспортқа тікелей жол ашпақ

Жаңа бағыт қазақстандық экспорттаушыларға бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктер ашпақ

Қазақстандық экспорттық жүктерді Парсы шығанағы, Таяу Шығыс, Пәкістан, Үндістан елдерінің нарықтарына, Шығыс Африка жағалауына жеткізудің ең қысқа тікелей жолын құру – Abu Dhabi Ports (Simatech Shipping & Forwarding атынан AD Ports Group құрамына кіреді) бірлескен кәсіпорын құру арқылы қол жеткізуге болады. Бұл туралы Sarbaz.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Негізгі міндет – Қазақстандағы Құрық портынан Парсы шығанағы елдеріне Әмірабад және Бендер-Аббас (Иран) порттары арқылы ауыл шаруашылығы тауарларын жеткізу. Жаңа бағыт қазақстандық экспорттаушыларға бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктер ашпақ: үш күнде Иран арқылы Әмірабад, Бендер-Аббас, Бендер-Хомейни, Чабахар порттарына, БАӘ-лік Халифа, Фуджейраға және әрі қарай Үндістан, Пәкістан, Қиыр Шығыс, Африканың шығыс жағалауындағы барлық портқа жол ашады. Бұл ретте басқа тауарларды Еуропа елдеріне жеткізу мүмкіндігі де қарастырылады.

Өткен аптада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мен Simatech Shipping & Forwarding (DP World тобына кіреді) басшысы Давуд Тафти қазақстандық тараппен бірлескен кәсіпорын құрудың мүмкіндіктері мен перспективаларын талқылады.

Кездесу барысында тараптар әрі қарай Парсы шығанағы елдеріне транзит жасауға мүмкіндік беретін Каспий теңізі арқылы Иран Ислам Республикасына жүктерді жеткізу маршруттарының нұсқаларын талқылады. Simatech Shipping & Forwarding компаниясының CEO-сы Давуд Тафтидің айтуынша, компания әрқайсысы 7 500 тонна жүк көтеретін 4 кеме сатып алған. Кемелердің судағы тереңдігі – 6 метр, олар үйінді, контейнерлік, сондай-ақ негізгі жүктерді тасымалдауға қабілетті.

Қазіргі уақытта кемелер – Әмірабад портында (Иранның Бехшар округінің солтүстігінде) орналасқан. Алдағы 2 жыл ішінде компания осындай 10 кемені жеткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, жақында компания 45 жүк көлігін және әрқайсысы 350 жүк көлігін тасымалдауға қабілетті екі баржаны сатып алды. Алдағы 4 айға арналған жоспарда жүк автопаркінің санын 200-ге дейін, болашақта 1 000-ға дейін жеткізу тұр.

__Последние новости

  • Басты назарда

Осы күзде әскерге шақырылғандар оқуға кірісті

Бүгін, 10:56
Админ
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Бүгін, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39