«Сарбаздарға ораза тұтуға мүмкіндік жасаған дұрыс»: ҚМДБ әскердегі мұсылмандық парыз туралы

Алланың бұйрығы мен командирдің бұйрығы қатар берілгенде мұсылман сарбазы не істеуі керек?

Нұрдәулет Кәкіш

«Ораза тұтуға ниетті сарбаздар үшін парыз оразаны орындауға мүмкіндік жасаған дұрыс деп есептейміз». ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі әскердегі сарбаздардың намаз оқуы мен ораза ұстауына қатысты ресми сауалымызға жауап берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына «Әскер қатарындағы сарбазға намазын және оразасын қаза етуге бола ма? Алланың бұйрығы мен командирдің бұйрығы қатар берілгенде мұсылман сарбазы не істеуі керек?» деп Sarbaz.kz редакциясы атынан жолданған ресми сауалға ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі жауап берген болатын.

«Шариғат бойынша әрбір мұсылманға күніне бес уақыт намаз және Рамазан айында бір ай ораза тұту – парыз. ... Намаз бен ораза адам баласын рухани тұрғыда тәрбиелейді. Алла Тағала: «Тегінде, намаз арсызық пен теріс қылықтан тыяды», - деді. Ораза тұту жайында: «Уа, иманға келгендер! Тақуалық етулерің үшін, сендерден бұрын өткендерге парыз етілгендей, сендерге де ораза парыз етілді», «Ораза тұткандарың өздерің үшін жақсы» делінген. Сондықтан мекеменің ішкі тәртіптік қағидаларын сақтай отырып, намаз оқуға, ораза тұтуга ниетті сарбаздар үшін намаздарын өтеуге, парыз оразаны орындауға мүмкіндік жасаған дұрыс деп есептейміз», - делінген ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің жауап хатында.

 

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02