Украинаға әскер жіберуге Балтық елдері дайын
Франция Украинаға әскер жіберуге дайын елдер альянсын құруды ойластырып жатыр. Париж идеясын Балтық елдері қолдап отыр, деп жазады Politico.
Басылым Франция СІМ басшысы Стефан Сежурненің Литваға сапарын осылай түсіндіреді. Онда ол Балтық елдері мен Украинадағы әріптестерімен кездесті. Дипломаттар Киевке әскери көмекті, соның ішінде Батыс әскери күштерін Украинаға жіберуді талқылаған-мыс.
Сежурненің айтуынша, батыс елдері Киевке қалай көмектесетінін өздері шешуі керек, себебі Ресей оларға ешқандай «қызыл сызықтар» орната алмайды. Мысал ретінде ол майданды минадан тазарту операцияларын келтірді. Мұндай операциялар үшін адамдар керек, яғни «Украинада кейбір әскери қызметкерлер болуы мүмкін, бірақ олар соғысқа мүлдем қатыспайды».
Сережурненің айтуынша, қазіргі уақытта Украина тек артиллериялық оқ-дәрілерді жіберуді сұраған. Киевтен әскер жіберу туралы өтініш түспегенін.
Балтық жағалауы елдерінің СІМ басшылары Франциянының осындай «ерекше идеялары» үшін мақтады, деп хабарлайды Politico.
Біз «қызыл сызықтарды» өзіміз үшін емес, Ресей үшін анықтап алуымыз керек. Украинаны қолдаудың кез келген түрін жоққа шығаруға болмайды. Біз Украинаны ең қажет жерде қолдауды жалғастыруымыз керек, – деді Литваның Сыртқы істер министрі Габриэль Ландсбергис.
Айта кетейік, бұған дейін Польшаның Сыртқы істер министрі НАТО әскерін Украинаға жіберуге қарсы емес екенін мәлімдеді.