Әскери музейде жас суретшілер көрмесі ашылды

Мұражайдың атриум залына барлығы 65 жұмыс қойылған

Админ

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейінде Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжі мен көркемсурет факультеті студенттерінің авторлық жұмыстарынан тұратын «Көктемнің лебі» көрмесінің ашылуы өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылар көрмені Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына орайластырып отыр. Студенттер кескіндеме, графика, мүсін, сценография, сәндік-қолданбалы өнер және дизайн секілді өз еңбектерін ұсынды. Мұражайдың атриум залына барлығы 65 жұмыс қойылған. Көрменің тақырыбына сәйкес, олардың бәрі көктемгі түстермен жасалғанын аңғаруға болады.

Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың бастығы Арман Асенов пен Мемлекеттік әскери-тарихи музейдің бастығы Ләззат Әлжан жиналғандарды көрменің ашылуымен құттықтады. Олар жас авторларға шығармашылық жолда сәттілік тілеп, алғыстарын жеткізді.

Біздің Қазақ ұлттық өнер университетімен ынтымақтастығымыз бірінші жыл емес. 2022 жылы Әскери-тарихи музей мен университет арасында меморандум жасалған болатын. Бүгінгі іс-шарамыз сол келісімнің жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді, – деп атап өтті Л. Әлжан.

Қазақ ұлттық өнер университеті көркемсурет факультетінің деканы Ғайни Мұхтарова атап өткендей, бұл әскери-тарихи музейдің қолдауымен өткізіліп тұрған үшінші көрме.

Экспозицияда студенттердің семестр бойы орындаған жұмыстары ұсынылып отыр. Біз әскери музей басшылығына өз шығармашылығын кеңінен насихаттауда студенттерді қолдағаны үшін алғыс айтамыз, – деп қосты ол.

Іс-шара барысында студенттер қазақтың ұлттық киімінде дефиле өткізіп, көрерменге концерттік бағдарлама ұсынды.

__Последние новости

  • Басты назарда

Әскерге салтанатты түрде шығарып салды

Бүгін, 17:37
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

Кеше, 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АНА ТӘРБИЕСІ – АЛТЫН ҚАЗЫҚ

15/10/2025 - 15:11
  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04