Әскердегі арулар 10 жылдан астам қызметі туралы айтып берді

Қазақ қызы ежелден нәзіктігімен елді баурап, ақылдылығымен талайды тәнті еткен, өжет мінезімен көзге түскен, батылдылығымен тарихта өшпес ізі қалған.

Админ

«Елім» деп еміренген, «жерім» деп тебіренген ерлермен сын сағаттарда қатар жүріп, қанатына айналған. Кешегі сұрапыл соғыстың алғашқы кезеңінде-ақ майданға жіберулерін сұрап, әскери комиссариаттарға хат жазып, өтініштерін білдірген батыр қыздар да бар.

Олардың қатарында Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, Хиуаз Доспанова, Нұрғаным Бәйсейітова, Баян Байғожина, Халида Маманова секілді қазақтың қайсар қыздары тұр. 

Бүгінгі қазақ армиясының сапында да қолына қару алып, Отанды қорғау ісіне бел шеше араласып кеткен әскери әйелдер баршылық. Әскерде олар ер азаматтармен иық теңестіре қызмет атқарып келеді. Араларында армияның әртүрлі салаларында лауазымдық қызмет атқарып жүргендері де жетерлік.

Мәселен, Қарағанды гарнизонына қарасты «Астана» өңірлік қолбасшылығында медициналық қамтамасыз ету бөлімінің офицері, медицина қызметінің майоры Сырбаева Айнұр Наурызбайқызы Қарулы Күштер қатарында 10 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Ол – отбасылы, 4 баланың анасы.

Ал оның әріптесі ефрейтор Әділбекова Қарақат Болатбекқызы – медицина пунктінің аға маманы, әскери қызметке келгеніне екі жылдың жүзі болған.

Қоғам мен әскери қызметтегі рухани құндылықтарды бойына сіңіріп, әскер саласында өз үлестерін қосып жүрген қос ару «Астана» өңірлік қолбасшылығында өтетін түрлі іс-шараларға тұрақты түрде қатысып келеді. Шаңырақтың ұйытқысы саналатын олар тіпті бірқатар іс-шараларды өздері ұйымдастырып, белсенділік танытады.

Взвод, рота мен батальон командирлеріне көмек ретінде және мерзімді қызметтегі сарбаздарды зерделеу мақсатында әр әскери әйел қызметшілерге әскери бөлім командирінің бұйрығымен сарбаздар бекітілген. Ол да өз кезегінде өте жауапты іс. 

Сүттей ұйыған шаңырақта өзара сыйластық, ыстық сүйіспеншілік, қамқорлық пен түсіністік салтанат құрады, үйде ана, келін атансақ, әскери қызметте жауапты маман болуға тырысамыз. Ерлермен қатар ел намысын ту етіп көтеріп, әскери салада жүрген аруларымыз аз емес. Солардың көш басында жерлесіміз Ардана Ботай тұр. Ал екінші дүниежүзілік соғысы жылдарында қарағандылық төрт қазақ қызы танкіні тізгіндеп, елді қорғаған. Армия халықаралық ойындарының «Бейбітшілік жауынгері» байқауында жерлесіміз Толқын Бәкіжанова әлем елдері арасында үздік мерген атанды. Осындай аруларымыз барда еліміздің тыныштығы сенімді қорғалатыны анық. Осы орайда, барша аруларымызды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын», - деп атап өтті өз сөзінде Қарағанды гарнизоны «Астана» өңірлік қолбасшылығы медициналық қамтамасыз ету бөлімінің офицері, медицина қызметінің майоры Айнұр Сырбаева.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22