«Қылмыстың көбі түнде жасалады»: патрульдік полицей қызметі туралы айтып берді

Әрбір патрульдік экипаж кем дегенде 20 қоңырау бойынша қызмет атқарады

Жетісу облысының патрульдік полицейі қызметі туралы айтып берді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Талдықорған патрульдік қызмет ротасының полицейі Данияр Базарбаев адам өмірін құтқарып, өртте көрсеткен қайсарлығы үшін ҚР ТЖМ-нің медалімен марапатталған.

«Патрульдік полицейдің жұмыс күні таңғы алтыда басталады. Таңертеңгі жұмысымызды реттеп, міндетті нұсқамадан өткеннен кейін біз қоғамдық тәртіпті сақтауға шығамыз. Бір аусымда әрбір патрульдік экипаж кем дегенде 20 қоңырау бойынша қызмет атқарады. Бұл отбасылық жанжалдан бастап, көшеде немесе кафелердің бірінде болған төбелес пен ауыр қылмыс болуы мүмкін. Бізге келіп түскен қоңырауға тез және нақты жауап беру қажет. Кейде құқық бұзушыларды ұстап қана қоймай, алғашқы медициналық немесе психологиялық көмек көрсетуге тура келеді», – деп атап өтті Данияр.

Құқық қорғау органдарында, әсіресе патрульдік полицияда қызмет ету оңай іс емес, көбіне күн, түн демей жұмыс істеуге тура келеді. Бұл жұмыста тәуекелдермен қатар, қауіптер де бар. Дегенмен, патрульдік полицейлер тәулік уақыты, ауа райына қарамастан азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін қызмет етеді.

«Түнгі ауысым күрделірек, өйткені ауыр қылмыстардың көбі түнде жасалады. Бірақ қиындықтарға қарамастан, халықты қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау – біздің міндетіміз. Сондай-ақ дереу әрекет етуді қажет ететін сәттер де аз емес. Осыдан бір-екі ай бұрын, түнгі ауысымда серіктесім екеуміз екі қабатты дүкеннің өртеніп жатқанын байқадық. Бірден өрт сөндіру қызметін шақыртып, олар келгенге дейін іштегі адамдардың бар-жоғын тексермек болдық», – деп қосты Д.Базарбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Талдықорған аудандарының бірін патрульдеу кезінде «Бүркіт-164» экипаж қызметкерлері облыс орталығының Сырттанов көшесіндегі Жанна дүкенінің өртеніп жатқанын байқаған. Сауда орны көпқабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан. Бірінші қабаттың терезелері торланған, есіктері жабық болып шықты. Тәртіп сақшылары шатырға шығып, терезе арқылы екінші қабаттағы пәтерге кіруге мәжбүр болды, онда қарт адам мен жас қыз болған. Екеуі де тез арада эвакуацияланды.

Пәтерде сондай-ақ екі газ баллоны болған, полицейлер жарылыстың алдын алу үшін оларды жалынға оранған үйден алып шықты.

«Алға қойған мақсаттарға жету үшін адал еңбек етіп, өз ісіңді сүю, адамдарды құрметтеу қажет. Ең бастысы, күнделікті тәртіпте ортақ істің қажеттілігі мен маңыздылығын ұмытпау керек», – деп түйіндеді Данияр Базарбаев.

Даниярды үйде ата-анасы, жұбайы мен екі кішкентай баласы қызметтен аман-есен келгенін асыға күтіп, алаңдаумен қатар мақтан тұтады.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22