Торпедо жасайтын отандық бірегей зауыт сатылмайтын болды

Киров атындағы зауыт бастапқы бағасы 6,1 трлн теңгемен сауда-саттыққа шығарылған болатын

Админ

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Киров атындағы машина жасау зауытының 100% жай акцияларын сату бойынша конкурстан бас тарту туралы шешім қабылдады, деп  хабарлайды Sarbaz.kz.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі С.М.Киров атындағы «Машина жасау зауыты» АҚ-ның 100% жай акцияларын сату бойынша жарияланған конкурстың күшін жою туралы шешім қабылдады. Осыған орай,  28 ақпанда «Қазақстан инжиниринг» ҰК АҚ-на тапсырма жіберілді. Осылайша, сауда-саттық өткізілмейді, – делінген Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

Бұған дейін Алматыдағы Киров атындағы зауыт бастапқы бағасы 6,1 трлн теңгемен сауда-саттыққа шығарылған болатын.

Министрлік байқауды «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі 2021 жылғы 29 қазанда қабылдаған шешімдерін өзектендіру және нақтылау қажеттілігіне байланысты тоқтатылғанын атап өтті.

Ақпан айында БАҚ-та бронды автомобильдер шығаратын Киров атындағы машина жасау зауыты шығын көп болғандықтан сатылымға шығарылғаны туралы ақпарат пайда болды. Сатып алуға өтінімдер 12 наурызға дейін қабылдануы керек еді.

Айта кетейік, Киров атындағы машина жасау зауыты – 1942 жылы құрылған және ТМД аумағында жылу қозғалтқышы бар торпедалар жасайтын жалғыз өндіруші. Ұлы Отан соғысының басында зауыт алдымен Махачкалаға, кейін 1942 жылдың аяғында Алматыға көшірілді. Қазіргі кезде «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясына тиесілі.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АНА ТӘРБИЕСІ – АЛТЫН ҚАЗЫҚ

15/10/2025 - 15:11
  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51