Чехия Украина үшін 800 мың снаряд тауып берді

Украина әскери күштері алдағы апталарда 155 мм калибрлі 500 мыңға дейін және 122 мм калибрлі 300 мыңға дейін артиллериялық снарядтар ала алады

Админ

Украина әскери күштері алдағы апталарда Чехияның бастамасымен үшінші елдерден сатып алынған 155 мм калибрлі 500 мыңға дейін және 122 мм калибрлі 300 мыңға дейін артиллериялық снарядтарды ала алады, деп хабарлайды dw.com сайты.

Чехия Қорғаныс министрлігі қорғаныс саясаты және стратегиясы департаментінің басшысы Ян Жирештің айтуынша, Чехия бастамасын бірқатар Еуропа елдері қолдап отыр. Бұл ретте Жиреш снарядтарды кімнен сатып алынатынын нақтылаған жоқ. Снарядтарды сатып алу бастамасының жеткізушілері мен демеушілері Киев оқ-дәрілерді алғаннан кейін мәлім болуы мүмкін.

Чехия ЕО-дан тыс жерден Украина үшін 800 мың снаряд тапқаны туралы ақпан айының басында белгілі болды. Нидерланд бұл бастамаға бірден жауап беріп, снарядтарды сатып алуға 100 миллион еуро беруге уәде берді. Ақпан айының соңында Бельгия да оқ-дәрілерді сатып алуға қатысып, оған 200 миллион еуро бөлетінін хабарлады.

Прагамен қатар Украина әскері үшін снаряд іздеуге Берлин де тырысып жатыр. Германия осы бағытта Үндістанмен келіссөздер жүргізіп жатқаны ақпарат шықты. Алайда Берлин бұл хабарламаларға ресми түрде жауап берген жоқ.  

Украина үшін снаряд іздеу АҚШ Конгрессіндегі республикашылардың қаражат бөлуді келіспеуіне байланысты АҚШ-тан Киевке әскери көмекті тоқтата тұруына байланысты мәселеге айналды. Ресейдің Украинаға бағытталған шабуылынан бері Киев Пентагоннан 155 мм калибрлі 2 миллионнан астам снаряд алған болатын.

Осындай калибрлі оқ-дәрілер әлемнің көптеген елдерінде кездесетін артиллериялық зеңбіректерде қолданылады. Сондай-ақ осы калибрлі снарядтар НАТО елдерінің зеңбіректеріне арналған стандарт. Сарапшылар Украина қарулы күштері күн сайын осындай калибрлі 3-6 мың снаряд қолданатынын айтқан еді.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02