Мина іздеуге арналған: курсанттар ерекше құрылғы ойлап шығарды

Оның басты ерекшелігі – табылған объектілердің нақты координаттарын басқару пультіне автоматты түрде беру

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында курсанттар арасында үздік ғылыми-зерттеу, өнертапқыштық және рационализаторлық жұмысқа арналған VІ байқау өтті. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Байқауға 17 ғылыми жұмыс ұсынылды, оның ішінде сараптама комиссиясы ең өзекті 7 әзірлемені таңдап алды.

«Қарулы күштер үшін жоғары білікті мамандарды даярлау жоспарлы оқытуды ғана емес, сонымен қатар зерттеу дағдыларын қалыптастыруды да қамтиды. Мұндай конкурстар оқуға және ғылыми-техникалық шығармашылыққа қызығушылықты арттыруға ықпал етеді», – деп атап өтті Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы полковник Қайрат Дәуітов. 

Комиссия шешімі бойынша екі жұмысқа бірінші орын берілді.  Курсанттар Арыстан Қожахметов пен Жасұлан Тамаев конкурсқа алдыңғы қатарлы мина іздейтін құрал ұсынды. РВМ-2 жетілдірілген әзірлеме миналар мен жарылғыш құрылғыларды анықтау процесіндегі керемет жаңалық. Оның басты ерекшелігі – табылған объектілердің нақты координаттарын басқару пультіне автоматты түрде беру.

«Курсант Ислам Даузовтың «Бірлескен әуеайлақтарда құстарды үркітуге арналған биоакустикалық құрылғы» жобасы жоғары бағаланды. Оның өнертабысы жыртқыш құстардың дыбыстары мен ультрадыбыстық толқындарға ұқсас шу әсерін тудырады. Өнертапқыш атап өткендей, құрылғы жануарлар әлеміне зиян келтірмейді және оны кез келген метеорологиялық жағдайда қолдануға болады. Болашақта оны сериялық өндіріске енгізу және әуеайлақ жабдықтарын озық модельге ауыстыру әбден мүмкін.

Екінші орынды екі ғылыми жұмыс өзара бөлісті – «Виртуалды шындық көзілдірігі» (Руслан Исламов, Имамали Досполов және Ердәулет Қуатов) және «УЖЖ диапазонының белсенді логопериодты антеннасын жасау» (Әділ Дүйсенбай, Нарзимат Малау және Ерболат Қыдырбек).

Тағы үш ғылыми жоба – «Лазерлік тапанша» (Бекбарыс Абышев, Биназар Шерубаев), «С-125 ЗЗК жауынгерлік есептобын дайындауға арналған Swish Max4 базасындағы электрондық тренажер» (Асыланбек Базарбеков, Шахзат Нұржанов) және «ҚР әуе кеңістігін бақылау мақсатында радиолокациялық станцияларда ADS-B жүйесін қолдану» Диас Орынғалиев пен Арман Қуанышовтың авторлық жобалары үшінші орын еншіледі», – делінген министрлік хабарламасында.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, үздік жұмыстар ғылыми жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға жіберілетін болады. Байқау жүлдегерлері кубоктармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

__Последние новости

  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Кеше, 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59