Дер кезінде көмек жібермеген: Ақтөбеде қансырап жатқан оқушыға сенбеген құтқарушы сотталды

Құтқарушы 1 миллион теңге моральдық шығын өтеуі тиіс

Ақтөбеде қансырап жатқан оқушыға сенбей, дер кезінде көмек жібермеген «112» қызметкері сотталды, деп хабарлайды Sarbaz.kz қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласының №2 сотымен ҚК 371-бабы 1-бөлігі бойынша салғырттық үшін сотталған Б.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды.

«Іс бойынша сот Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел кезекшісінің көмекшісі Б.-ның қызмет атқару кезеңінде «112» қызметіне шұғыл көмек көрсетуді сұрап қоңырау шалған кәмелетке толмаған И.-дің хабарламасына тиісінше және уақтылы ден қоймауында негізделген өзінің функционалдық міндеттеріне немқұрайлы қарағанын анықтады.

Қылмыстық іс материалдарымен анықталғандай, сол түні жәбірленуші И. тұратын тұрғын үйге Е. кіріп, оның анасы мен ағасын өлтіріп, ал өзіне пышақпен жарақаттар келтірді.

50 минуттан соң И-дің көмек сұраған үшінші қоңырауынан кейін жәбірленушінің хабарламасы жедел жәрдемге жіберілді», - делінген хабарламада.

Сот процесінде Б. өзінің кінәсін толық мойындамады және алғашқы қоңырауды балалардың ойыны деп санағанын айтты. Алғашқы қоңырау үзілгендіктен, ол И-ға қайта қоңырау шала бастады, бірақ оның телефонына жауап бермеді. Үшінші қоңыраудан кейін ол И.-дан болған жағдайды анықтап, оның хабарламасын жедел медициналық көмекке жіберді.

Прокурор Б-ға 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

«ҚК-нің 371-бабының 1-бөлігінің санкциясы 1000 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл түрінде не сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен, не 400 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартумен, не 1 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен, не сол мерзімге бас бостандығынан айырумен жазалауды көздейді.

Жаза тағайындау кезінде сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының асырауында жас балалардың болуын назарға алды. Б.-ның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Салғырттықтың қоғамдық қауіптілігі жәбірленушінің денсаулығына, адамның конституциялық құқықтарына және қоғамның заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соққан қызметке жосықсыз және немқұрайлы қарау салдарынан мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның өз міндеттерін орындамауы және тиісінше орындамауы болып саналады», - деп хабарлайды Ақтөбе қаласының 2 сотының баспасөз қызметі.

Соттың үкімімен Б-ға 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Сотталғаннан жәбірленушінің пайдасына 1 миллион теңге моральдық зиян өндірілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, былтыр ер адам Ақтөбеде әйел адам мен оның баласын бір түнде пышақтап кетті. Ұсталған сотталушы уақытша ұстау изоляторында өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмды. Дегенмен сотталушысы болмаса да қазір сот отырысы болып жатыр.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ШЫРАЙЛЫ ШЫҒЫСТАҒЫ ПРЕСС-ТУР

Кеше, 10:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯМЫЗДЫҢ «АЙБЫНЫ»

28/10/2025 - 15:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Сарбаз» – сүйікті газетіміз

28/10/2025 - 10:18
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАЙЛАНЫСЫМДЫ ҮЗБЕГЕН БАСЫЛЫМ

27/10/2025 - 10:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ

25/10/2025 - 17:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

23/10/2025 - 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14