Қазақстандық әскерилер Пәкістандағы жарысқа қатысып жатыр

Халықаралық жарыс 2016 жылдан бастап тұрақты түрде өткізіліп келеді

Қазақстан Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері «Пәкістан армиясының командалық рухы-2024» халықаралық жарысына қатысып жатыр. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Пәкістанның астанасы Исламабадтың жанындағы ежелгі Равалпинди қаласында әскерлер сайысы өтуде. Аталмыш жарыста Қазақстан Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің әскери бөлімдерінен 12 әскери қызметші бағын сынауда.

«Әскери-спорттық турнирдің кезеңдеріне «қарсыластың нысанын анықтау», «тосқауылдағы іс-қимыл» «артиллерия атысын реттеу», «жедел медициналық көмек көрсету және жаралыларды тасымалдау», «учаскені минадан тазарту» және «түнде су бөгеттерін еңсеру» кіреді.

Қарсыластар Калашников автоматынан ату дағдыларын да көрсетеді. Одан басқа маршруттың жылдам өту мүмкіндігі мен тапсырмаларды пысықтау сапасы, яғни нәтижесі ескерілетін болады.

Кезеңдердің сәтті орындалуы бөлімшелер құрамындағы әскери қызметшілердің күш-қуаты және тактикалық дайындық деңгейіне байланысты. Іс-әрекеттің үйлесімділігі, төзімділік және командалық рух жеңіске жету жолында шешуші рөл атқармақ», - делінген хабарламада.

«Пәкістан армиясының командалық рухы-2024» халықаралық жарыстары 2016 жылдан бастап тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл жолы жарысқа Бахрейн, Йордания, Ирак, Қазақстан, Катар, Сауд Арабиясы Корольдігі, Мальдив, Марокко, Пәкістан, АҚШ, Тайланд, Түркия, Өзбекстан және Шри-Ланка әскери қызметшілері қатысуда.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02