Прокурорлар заң талаптарын орындамаған шенеуніктерді жауапқа тартты

Олар прокуратураның заңды талаптарын елемеді

ШҚО-да екі бөлімнің басшылары «Прокуратура туралы» Конституциялық Заңды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Sarbaz.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура инвестициялық жобаларды қолдау бойынша жұмысты жалғастыруда. «Прокурорлық сүзгі» жобасы аясында мемлекеттік органдардың инвесторларға қатысты негізгі шешімдері келісіледі.

«Инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттік органдар қабылдаған шаралардың толықтығын бағалау мақсатында, инвестицияларды тарту жөніндегі міндеттерді орындау үшін Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының прокуратурасы аудан әкімдігі мен мемлекеттік кіріс органдарына қажетті материалдармен қамтамасыз ету туралы талап жолдады.

Алайда, ауыл шаруашылығы және мемлекеттік кірістер басқармасы бөлімінің басшылары прокуратураның заңды талаптарын елемеді.

Бұл қадағалау органының жауабынсыз қалмады. Нәтижесінде 2024 жылғы 2 және 14 ақпандағы Самар ауданы сотының қаулыларымен прокурордың талаптарын орындамағаны үшін  жоғарыда аталған уәкілетті органдардың басшылары ӘҚБтК-нің 665-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», – делінген прокуратура хабарламасында.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22