Алматыда жер үй өртеніп, екі адам қаза болды

Алдын ала ақпарат бойынша баспана жалға берілген

Алматыда жер үйдің жанындағы уақытша баспана (времянка) қызыл жалынға оранды. Құтқарушылар оқиға орнынан екі адамның мәйітін тапты. Бұл туралы Sarbaz.kz Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өрт 20 ақпан күні сағат 3:43-те Ш.Мұртаза көшесі, 29 мекенжайында болған. Өрт сөндірушілер аталған мекенжайға жеті минутта жеткен. Олар келген бойда уақытша баспананың 15 шаршы метрі жанып, төбесі опырылып құлап түскен.

«Өрттің жақын орналасқан үйге таралу қаупі туындады. Қызыл жалын 03:54-те оқшауланып, 04:03-те сөндірілді. Өртті сөндіру барысында екі адамның денесі табылды. Алдын ала ақпарат бойынша баспана жалға берілген. Өрт фактісі бойынша материалдар іс жүргізу шешімін одан әрі жүргізу үшін Медеу ауданы ПБ жанындағы полиция бөліміне берілді», - делінген хабарламада.

Мамандар жанындағы жеке тұрғын үйді өрттен сақтап қалды.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ШЫРАЙЛЫ ШЫҒЫСТАҒЫ ПРЕСС-ТУР

30/10/2025 - 10:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯМЫЗДЫҢ «АЙБЫНЫ»

28/10/2025 - 15:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Сарбаз» – сүйікті газетіміз

28/10/2025 - 10:18
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАЙЛАНЫСЫМДЫ ҮЗБЕГЕН БАСЫЛЫМ

27/10/2025 - 10:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ

25/10/2025 - 17:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

23/10/2025 - 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30