Иран әуе қорғанысының жаңа жүйесін көрсетті

Админ

Иран "Арман" зымыранға қарсы қорғаныстың жаңа жүйесін және "Азарахш" әуе шабуылына қарсы қорғаныстың төмен биіктік жүйесін көрсетті, деп хабарлайды Sarbaz.kz IRNA сайтына сілтеме жасай отырып.

Иранның мәлімдеуінше, "Арман" зымыран кешені бір уақытта 120-дан 180 км-ге дейінгі 6 нысанаға соққы бере алады. Ал "Азарахш" зымыран кешені атуға дайын 4 зымыранмен 50 км-ге дейінгі қашықтықтағы нысандарды анықтап, жоя алады.

Бұл жүйелер алғаш рет 2022 жылдың сәуірінде Иран армиясы күніне арналған шеруде көрсетілген. "Арман" кешені екі нұсқада ұсынылған: бірінші модель белсенді, ал екіншісі пассивті радиолокациялық дәлдегішпен жабдықталған.

"Азарахш" – бұл төмен биіктіктегі зымырандармен күресуге арналған кешен. Ол объектілерді анықтау мен сүйемелдеудің радиолокациялық және оптикалық-электронды жүйесін қолданады.

Айта кетейік, маусым айында Иран шенеуніктері 1400 шақырымға дейін ұша алатын "Фаттах" деп аталатын алғашқы отандық гипердыбысты баллистикалық зымыранын паш еткен еді.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

Кеше, 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ШЫРАЙЛЫ ШЫҒЫСТАҒЫ ПРЕСС-ТУР

30/10/2025 - 10:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯМЫЗДЫҢ «АЙБЫНЫ»

28/10/2025 - 15:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Сарбаз» – сүйікті газетіміз

28/10/2025 - 10:18
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАЙЛАНЫСЫМДЫ ҮЗБЕГЕН БАСЫЛЫМ

27/10/2025 - 10:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ

25/10/2025 - 17:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

23/10/2025 - 10:41