Биыл Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымовтың туғанына 122 жыл толды
Биыл 12 ақпанда Ұлы Отан соғысының даңқты батыры, Қазақстан мен Орталық Азиядан шыққан тұңғыш генерал, 1925-1927 жылдары Орталық Азияда Кеңес өкіміне қарсы соғыс қимылдарына қатысып ерлік көрсеткен, жауынгерлік орденмен марапатталған, Кеңес Одағының Батыры Сабыр Омарұлы Рахымовтың туғанына 122 жыл толды.
Сабыр Омарұлы Рахымов 1902 жылы 12 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Көкбел ауылында дүниеге келген. Әкесі ерте қайтыс болған соң, нағашыларын паналап 1909 жылы Ташкент қаласына көшіп келеді, 7 жастағы ес біліп қалған Сабыр ауыл молдасынан оқыған ескіше сауаттылығын өзбекше жалғастырады.
1920 жылы Тоқыма фабрикасына жұмысқа орналасады. 1921 жылы Өзбек ағарту институтының дайындық курсына қабылданады.
1922 жылы тамыз айында жолдамамен бүкіл Кавказға белгілі атты әскер мектебіне оқуға түседі, осы кезден бастап Сабыр Рахымовтың өмірі мен қызметі Кеңес армиясымен тығыз байланысты.
1925 жылы 7 тамызда Әзербайжан атты әскер мектебін бітіріп, Самарқанд қаласындағы 19-шы таулы атты әскер дивизиясының полкіне жолдама алады.
1925-1930 жж. дейін Орта Азиядағы шабуылдарға қатысады.
Соғыс басталғанда Р. Рақышов танк дивизиясының мотоатқыштар полк командирінің орынбасары, 1941 жылы қыркүйекте полк командирі атанады. Сабыр Рахымов басқарған бұл полк Ростов қаласына Қызыл армия бөлімдерінен бірінші болып кіреді.
1942 жылы 10 ақпанында подполковник болып, алты айдан кейін маршал С.М.Буденный полковник атағын берген соң, ол 37 атқыштар дивизиясының командирі болып Дон, Кубань, Кавказ аймақтарында соғысады.
1943 жылы жазда Бас басқарма Сабыр Рахымовты әскери академияға оқуға жібереді. Оқуды аяқтаған соң Сабыр өзінің дивизиясына келіп, бірінші және екінші Беларусь майдандарымен бірлесе отырып, Барановичтан Беловостокқа дейін барады. Ал 1945 жылы 26 наурыз қаланы алуға шабуылға шыққан күні снарядтың жарықшағы тиіп, қайғылы қазаға ұшырайды.
1945 жылы 26 наурыз күні қаза тапқан соң сүйегі Ташкент қаласындағы бауырластар зиратына қойылды.
1965 жылы 9 мамыр күні Сабыр Рахымовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ташкент қаласындағы бір ауданға, метроға, мектепке есімі берілді. Қаланың орталығына мүсіні тұрғызылды. «Генерал Сабыр Рахымов» атты көркем фильм түсірілді.
1990 жылы оның қазақ екені дәлелденгеннен кейін Қазақстанда да кең көлемде ұлықталуы басталды. Атап айтқанда, Шымкент қаласындағы кадеттер мектебіне аты беріліп, мүсіні орнатылды, бір көшеге аты берілді. Көкібелде де мектеп, көше аттары берілді. Кітаптар, деректі фильмдер түсірілді.
Сабыр Омарұлы Рахымов – әрбір қазақтың мақтан тұтар батыры. Өз батырымызды ұлықтап, атын ұмытпай, еске алып, құрмет көрсету – міндетіміз.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, Армия генералы
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжі