Әскери білім ордасында ауған ардагерімен кездесу өтті

Асылхан Жаңабаев талай әріптестері, жас сарбаздар мен офицерлердің өмірін жалмаған соғыс туралы естеліктерін әңгімелеп берді

Админ

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында интернационалист-жауынгер, «Шурави» ауған соғысына қатысушы ардагерлер ұйымының төрағасы отставкадағы подполковник Асылхан Жаңабаев курсанттармен кездесті, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Жиналғандар жергілікті соғыстар мен қақтығыстарда қаза тапқан әскери қызметшілерді бір минут үнсіз тұрып еске алды. Асылхан Жаңабаев талай әріптестері, жас сарбаздар мен офицерлердің өмірін жалмаған соғыс туралы естеліктерін әңгімелеп берді. 

Курсанттар ардагерді асқан ықыласпен тыңдады. Кездесудің нәтижесінде олар өздерінің әскери борышын орындаған жауынгерлердің ерлігі мен батылдығы жайында білді. 

Ауған соғысы тарихқа енді, бірақ ол туралы естеліктер ардагерлер мен қаза тапқандардың туыстарының жадында. Біздің міндетіміз – сол соғыстан оралмағандардың және осы ауыр сынақтан өткендердің барлығын есте сақтап, құрмет көрсету, – деді курсант Мәди Нұрбосынов.  

1980-1981 жылдары Асылхан Жаңабаев Ауғанстанның Герат елдімекенінде барлау взводының және 101-ші мотоатқыштар полкінің рота командирі болды. Екі рет жараланды. Бөлімшені басқарудағы шеберлігі және көрсеткен ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен және «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталғанын айта кеткен жөн.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02