Қазақстанда биылғы көктем қандай болады?

Болжамға сәйкес солтүстік облыстарда суық ауа райы күтіледі

Админ

«Қазгидромет» РМК мамандары наурыз-мамыр айларына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Сонымен Қазақстан аумағы бойынша 2024 жылғы көктем айларына арналған маусымдық ауа райы болжамы:

Наурызда Қазақстанның солтүстік облыстарында қыс мезгіліндегідей суық ауа райы күтіледі, қар жиі жауып, бұрқасын болады. Жер көктайғақ болып, тұман түседі деп болжанады. Ауа температурасы түнде минус 15-25°С -қа түсіп, аяз болады.

Елдің солтүстік, орталық және шығысында бірінші онкүндікте ауа температурасы күндіз 2-7°С көрсетіп, жылымық сезіледі. Айдың үшінші онкүндігінде ауа температуры 5-15°С -қа көтеріледі.

Ал Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-батыс өңірлерінде наурызда жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) жиі болады. Ауа температурасы түнде 0,-10°С-тан +3+8°С-қа дейін, күндіз 0,+10°С-тан +10+18°С-қа дейін көтерілуі байқалады.

Наурызда бір айдағы орташа ауа температурасы Қазақстан аумағының басым бөлігінде нормаға сай, елдің оңтүстік-шығыс бөлігінде нормадан 1°С жоғары болады деп күтілуде. Наурыз айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан жоғары, Қазақстанның оңтүстік-батыс, солтүстік-батыс бөлігінде нормаға шамаласады.

Сәуір және мамыр айларында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1°С жоғары болады деп күтілуде, тек мамырда елдің солтүстік-батыс жартысында температуралық фон нормаға шамалас болады деп болжануда.

Сәуір айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын климаттық нормаға сәйкес, солтүстік-батыс аймағында нормадан аз, елдің оңтүстік, оңтүстік – шығыс, шығысының таулы аймақтарда нормадан жоғары болады.

Мамыр айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға сәйкес болады деп болжанып отыр.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19