БҚО-да 150-ге жуық ауылды су басуы мүмкін

Елді мекендерден 400 мың текше метр қар шығарылды

Батыс Қазақстан облысында су басу қаупі бар 147 елді мекен, 49 авто және теміржол учаскелері бақылауға алынды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

БҚО ТЖ департаменті бастығының орынбасары Қанат Қарабалаевтың айтуынша, олардың барлығына жауапты адамдар бекітіліп, қажетті техника, құралдар, қапшықтар әзірленді.

Қанат Мәлікайдарұлының сөзіне қарағанда, елді мекендерден 400 мың текше метр қар шығарылды. Арықтар мен каналдар, су өткізу құбырлары тазаланып жатыр. 

«Космомониторинг қызметтерін алуға, мұз жару жұмыстарын жүргізуге (35 млн теңге, 25 учаске, «ЭРА БВР» ЖШС), тікұшақ қызметтеріне шарт жасалды. Жалпы жағдай ерекше бақылауда және су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда», - деді Қ.Қарабалаев.

Оның айтуынша, барлығы 1 050 техника, 88 жүзу құралы, 12 аспалы мотор, 329 мотопомпа және 4 043 жеке құрам дайындыққа келтірілді. 23 374 тонна инертті материалдар, 192 710 дана қап, 557 тонна жанар-жағар май әзірленді.

«Департаментпен барлығы 63 техника, 36 жүзу құралы, 70 мотопомпа мен жеке құрамның 305 адамы дайындалды. Техникамен, қажетті киім-кешекпен және жабдықпен қамтамасыз етілген олар жедел топтардың құрамында 4 бағыт бойынша бөлінген, жағдай қиындаған жағдайда шұғыл көмек көрсететін болады» - деді Қанат Қарабалаев.

__Последние новости

  • Сараптама

Азаматтық борышты өтеуге аттанды

Кеше, 14:34
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

Кеше, 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АНА ТӘРБИЕСІ – АЛТЫН ҚАЗЫҚ

15/10/2025 - 15:11
  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31