Орман күзеті қызметкерлеріне қандай мөлшерде үстемақы төленеді?

Былтыр жалпы көлемі 116 мың 800 гектар жерді құрайтын 810 орман өрті болған

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Мәжілісте өткен Үкімет сағатында орман күзеті қызметкерлерінің жалақысы жайлы мәселе қозғады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Министрдің айтуынша, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік мәселені шешу аясында мемлекеттік орман күзеті қызметінің қызметкерлеріне лауазымдық жалақының 100% мөлшерінде қосымша ақы белгіленді.

Бұл салада 12 876 штаттық қызметкер бар. Олар: мемлекеттік орман күзеті қызметі, табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның инспекторлары.

Ал штатқа кіретін әкімшілік қызметшілерге (экономистер, бухгалтерлер және т.б.) және штаттан тыс қызметкерлерге, яғни орман өрт сөндіру станцияларының қызметкерлері: тракторшылар, жүргізушілер, орман өртін сөндірушілер, мұнара бақылаушылары, радио операторлары секілді қызметкерлерге министрлік пен кәсіподақ арасындағы келісім аясында 75% үстемеақы қарастырылған.

«Министрлік жалақыны көтеру бойынша жүйелі шаралар қабылдау үшін орман өрт сөндіру станцияларының барлық қызметкеріне, оның ішінде уақытша қызметкерлерге қосымша ақы төлеу бойынша Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Қаулы жобасы уәкілетті органдармен – Әділет министрлігімен, ҰЭМ, Еңбек министрлігімен алдын ала келісілген. Қаулы жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісу рәсімдері аяқталғаннан кейін және РБК оң қорытындысын алғаннан кейін Үкіметке енгізілетін болады», - деді ол.

Ерлан Нысанбаев Мәжілісте өткен Үкімет сағатында былтыр жалпы көлемі 116 мың 800 гектар жерді құрайтын 810 орман өрті болғанын мәлім етті. Оның ішінде орманмен көмкерілген алқап – 61,1 мың гектар.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯМЫЗДЫҢ «АЙБЫНЫ»

28/10/2025 - 15:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Сарбаз» – сүйікті газетіміз

28/10/2025 - 10:18
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАЙЛАНЫСЫМДЫ ҮЗБЕГЕН БАСЫЛЫМ

27/10/2025 - 10:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ

25/10/2025 - 17:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

23/10/2025 - 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АНА ТӘРБИЕСІ – АЛТЫН ҚАЗЫҚ

15/10/2025 - 15:11