Алматыда 16 қабатты үйде болған өрт: ҚР ТЖМ толық мәлімет жариялады

Оқиға салдарынан 1 адам көз жұмды, 43-і зардап шекті

Алматыда 16 қабатты тұрғын үй кешенінде болған өртке қатысты Төтенше жағдайлар министрлігі толық мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«1 тамызда сағат 17:10-да ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәреже бойынша Алатау ауданы, Ақкент шағынауданы, 54 мекенжайына жіберілді.

6 минуттан кейін жеткен соң, 1-ден 16-қабатқа дейін 80 шаршы метр аумақта кабель шахтасында электр кабельдері ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды.

Райымбек даңғылында көлік кептелісі болғанына және өрт сөндіру техникасының кіру жолдары тұрақта тұрған көліктермен шектелгеніне қарамастан, алғашқы өрт есептері 6 минутта жетті.

Жоғары қабаттарда және эвакуация жолдарында қою түтін мен жоғары температура қалыптасты. Тұрғындардың денсаулығына қауіп төнді.

Түтіннің қалың болуы өрт сөндіруді қиындатты. Газ-түтіннен қорғау қызметінің (ГТҚҚ) жұмысы ұйымдастырылды, ГТҚҚ мамандары 80 адамды, оның ішінде 35 адамды құтқару қалпағының көмегімен, қалған тұрғындарды арнайы техниканың көмегімен құтқарды. Барлығы 200-ден астам адам эвакуацияланды.

Адамдарды эвакуациялау және құтқару үшін 3 өрт сатысы, бесіктері бар 2 автокран, аралас тәсілмен қол өрт сатысы (үшсатылы баспалдақ, шабуыл баспалдағы) орналастырылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт 18.46-да сөндірілді.

Оқиға орнында: Төтенше жағдайлар департаментінің 50 қызметкері мен 14 техникасы, Полиция департаментінің 40 қызметкері мен 11 техникасы, құтқару қызметінің 12 қызметкері мен 6 техникасы, жедел медициналық көмектің 69 қызметкері мен 23 техникасы жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 1 тамыз күні Алматыда 16 қабатты үй өртенді. Балаларын терезеден лақтырған сәт те видеоға түсіп қалды.

Алғашында 31 адам, оның ішінде 16 бала ауруханаға жеткізілгені хабарланған болатын. Зардап шеккендердің арасында 2 жүкті әйел бар.

Кейінгі мәлімет бойынша, оқиға салдарынан 1 адам көз жұмды, 43-і зардап шекті. Оның ішінде 4 бала реанимация бөлімінде жатыр.

Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбековтің төрағалығымен үй алдында жедел штаб құрылды. Тұрғындар тамақ және жатын орынмен қамтамасыз етілді.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19