Израиль Рафах қаласының маңына соққы жасады

АҚШ мұндай әрекеттерді құптамай отыр

Админ

Израильдің Рафах маңындағы соққылары туралы AFP агенттігі хабарлады.

Бұған дейін Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху армияға осы қаладан бейбіт тұрғындарды эвакуациялауды және оның айналасын ХАМАС содырларынан тазартуды тапсырған еді.

Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) бүгін, сенбіге қараған түні Газа секторының оңтүстік бөлігіне соққы жасады. Куәгерлердің айтуынша, бұл Рафах қаласының маңы.

Бір күн бұрын премьер-министр Беньямин Нетаньяху әскерилерге осы елді мекеннен бейбіт тұрғындарды эвакуациялап, Рафахта және оның маңында жиналған радикалды ХАМАС қозғалысының күштерін жою жоспарын құруды тапсырды.

Себебі Израильдің әскери операциясының басты мақсаты ХАМАС-ты толық жою. Ал бұл аймақта ХАМАС-тың әлі төрт батальоны орналасқан.

Дегенмен Нетаньяху бейбіт тұрғындарды қайда эвакуациялауға болатынын нақты айтпады. Reuters агенттігіне сұхбат берген Израиль шенеуніктерінің бірі Рафах тұрғындарын Газа секторының солтүстік аймақтарына жіберуге болатынын жеткізді.

Айта кетейік, 2023 жылдың қазан айында Палестина-Израиль қақтығысы күшейгеннен кейін Рафахқа 1,3 миллионға жуық палестиналық қоныс аударып, паналауға мәжбүр болды.

Норвегияның босқындар кеңесінің басшысы Ян Эгеланд BBC-ге берген сұхбатында атап өткендей, босқындарға азық-түлік пен ауыз су жетіспей жатыр.

Осыған орай Human Rights Watch (HRW) Адам құқықтарын қорғау ұйымы Израиль премьер-министрінің жоспарын сынға алды. HRW өкілі Надия Хардманның айтуынша, Рафахтағы миллионнан астам палестиналық босқын үшін қауіпсіз жер ұйымдастырмай, жаңа эвакуациялауға мәжбүрлеу заңсыз әрі апатты болады. Ол халықаралық қауымдастықты "күшейіп бара жатқан қатыгездікті тоқтатуға" шақырды.

Сондай-ақ АҚШ президенті Джо Байден нақты елді мекендер айтпаса да, Израильдің Газа секторындағы әрекеттерін "шамадан тыс" болып жатқанын жеткізді. Ал бір күн бұрын Ақ үйдің өкілі Вашингтон Израиль әскерінің Рафахтағы әрекетін бейбіт тұрғындарды қорғау жоспарынсыз қолдамайтынын айтты.

__Последние новости

  • Басты назарда

Абай гарнизонындағы отбасы апталығы

17/09/2024 - 21:24
Админ
  • Басты назарда

Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Мамандармен өткен кездесу

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

ҮЙДЕ ДЕ, ТҮЗДЕ ДЕ БІРГЕ

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

Дені сау ұрпақ – ұлт денсаулығы

17/09/2024 - 21:21
  • Басты назарда

Мерейді асырған отбасы

17/09/2024 - 21:20
  • Басты назарда

«Мектепке жол» акциясы

17/09/2024 - 21:19
  • Басты назарда

Балалардың көңілін көтерді

17/09/2024 - 21:18
  • Басты назарда

Жүйрік болсаң, озып көр

17/09/2024 - 21:14
  • Басты назарда

Әскери маман иесі – жауапты тұлға

17/09/2024 - 21:13
  • Басты назарда

Ертеңгі ел қорғаушылармен кездесті

17/09/2024 - 21:12
  • Басты назарда

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

17/09/2024 - 21:10
  • Басты назарда

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІСКЕ БЕТ БҰРДЫ

11/09/2024 - 23:53