Қазақстанда 1 шілдеден мүгедектігі бар жандардың жәрдемақысы ұлғаяды

Ұлас Үсенбай

Шілдеден бастап мүгедектігі бар жандардың жәрдемақысы 14,5 пайызға артады. Бұл туралы  Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Әлеуметтік кодексте айрықша қажеттілігі бар азаматтарға да көп көңіл бөлінген. Негізгі мақсат – мүгедектігі бар азаматтардың жәрдемақыларын көбейту, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтерді қолжетімді ету. Ол үшін осы жылдың 1 шілдесінен бастап мүгедектігі бар адамдарға, оларға күтім жасайтындарға, асыраушысынан айырылған отбасыларға төленетін жәрдемақы мөлшері 14,5 пайызға көбейеді. Жыл басындағы жәрдемақы мөлшерінің 8,5 пайызға өскенін ескерсек, төлемдердің көлемі жалпы 23 пайызға артады. Мүгедектігі бар азаматтардың күтушілеріне еңбекақымен қоса зейнетақы жарнасы төленіп, олардың толық зейнетақы алу құқығына ие болу мүмкіндігі қарастырылды», - деді министр.

Сонымен бірге, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің айтуынша осы санаттағы азаматтардың және қоғамдық ұйымдардың ұсынысы бойынша «Спина бифида» диагнозы қойылған 242 азаматты сапалы катетерлермен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілді.

«Бұған қажетті 328 млн теңге республикалық бюджеттен бөлінеді. Азаматтарға берілетін гигиеналық заттардың нормативі 2 есе артты. Ол үшін жергілікті бюджеттен 5 млрд теңге қарастырылды», - деді ол.

Ұлас Үсенбай

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02