Қорғаныс министрі Ұлттық қорғаныс университетінің ұжымына тапсырмалар қойды

Университеттің жеке құрамына қызметтің жаңа бағыттарын игеру және оқу процесін жетілдіру тапсырылды

Админ

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінде ведомство басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов оқу орнының материалдық-техникалық жабдықталуымен және ақпараттық технологиялар саласындағы мамандардың жетістіктерімен танысты, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық қорғаныс университеті Әскери ғылыми-зерттеу орталығының ақпараттық технологиялар басқармасы министрге цифрлық шешімдерін ұсынды.

Мамандар қорғаныс министріне оқу процесін жақсартуға арналған өз әзірлемелерін көрсетті. Олардың қатарында магистранттар мен докторанттар үшін «Аудармашы» және «Қашықтықтан оқыту» платформалары, «Емтихан алушы» бағдарламалық жасақтамасы және Қарулы күштер қызметінің өзекті мәселелері бойынша пайдаланушыларды хабардар етуге арналған Armia KZ қосымшасы бар.

Профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесу барысында генерал-полковник Руслан Жақсылықов қазіргі заманғы геосаяси жағдайдың негізгі аспектілерін белгілеп, офицерлерді жоғары оқу орнынан кейінгі дайындау жүйесі оның ерекшеліктерін ескеруі тиіс екенін атап өтті.

Университеттің жеке құрамына ол қызметтің жаңа бағыттарын игеру және оқу процесін жетілдіру бойынша бірқатар тапсырмалар қойды.

Қорғаныс министрі университет ұжымы генерал-майор Асқар Мұстабековтың басшылығымен жедел-стратегиялық және жедел-тактикалық буын мамандарын сапалы дайындау ісінде жаңа жетістіктерге жететініне сенім білдірді.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02