ҰОС ардагерінің сүйегі туған жерінде жерленді

Қисым Әдиев 80 жылдан астам уақыт бойы хабарсыз кеткендер тізімінде болатын

Қызыләскер Қисым Әдиевтің сүйегі Атырау қаласындағы «Ноғай» мұсылмандар зиратына қайта жерленді. Бұл туралы Sarbaz.kz қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жауынгердің сүйегі Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігінің бастамасымен Қазақстанға Қарулы Күтердің Әуе қорғанысы күштері әскери-көліктік ұшағымен Ресейден жеткізілген болатын.

Жауынгер жерлестерінің рухына құрмет көрсету үшін қалалық әкімдік өкілдері, Ауған соғысының ардагерлері, тәжік-ауған шекарасындағы бітімгерлік миссияға қатысушылар және Атырау қаласындағы әскери-техникалық мектептің курсанттары жиналды.

Қисым Әдиев 80 жылдан астам уақыт бойы хабарсыз кеткендер тізімінде болатын. Сарбаздың жерленген жерін ресейлік «Феникс» іздеу тобы тапқан. Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігінің өкілдері оның Атырауда тұратын кіші ұлы Сембай Қисымовты іздеп тапты.

«Әкемнің мұсылман дәстүрімен кіндік қаны тамған туған жерінде қайта жерленгенін көріп, көңілім жай тапты. Маған оның каскасы мен медалін тапсырды. Енді бұл құнды дүниелер бізде сақталады. Іздеушілерге, әкемнің сүйегін елге қайтаруға атсалысқан барша азаматтарға алғыс айтамын», – деді қызыләскердің ұлы.

Айта кетейік, іздестіру отрядтарының жұмысының арқасында 80 жылдан кейін қызыләскерлер Силан Мәметов (Қызылорда облысының тумасы) мен Қадірбек Дәулетқұловтың (Жамбыл облысының тумасы) сүйегі туған жеріне қайта жерленген болатын.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

Кеше, 10:19
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31