Қарулы күштердің әскери бөлімдері 150-ден астам техникамен толықты

«Батыс», «Астана», «Оңтүстік» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарының әскерлері 150-ден астам КАМАЗ-43114 жүк машинасын алды

Админ

ПАЗ-32054 жолаушы автобустары, техникалық көмек машиналары және КамАЗ-43118 базасындағы вахталық автобус әскерилер үшін таптырмас көмек болды, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өскемен гарнизонындағы 27943 әскери бөлімі командирінің орынбасары подполковник Батырбек Жазин жеке құрам мен мүлікті тасымалдауға арналған 12 жаңа көлік келіп түскенін ризашылықпен айтады.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің теңіз жаяу әскері құрамасына теміржол көлігімен 14 жүк камазы, 2 техникалық көмек көрсету машинасы және 1 шағын автобус жеткізілді.

Біз әртүрлі техника алдық. Мысалы техникалық көмек көрсету машинасы ағымдағы жөндеу жүргізуге, техникалық қызмет көрсетуге және көп мақсатты автокөлік техникасын эвакуациялауға арналған. Оның атқаратын функциясы да әртүрлі, әрі кез келген ауа райында пайдалануға арналған. Әмбебап техника батып қалған автокөліктерді шығаруға, оларды сүйретуге немесе жартылай тиеу әдісімен эвакуациялауға молынан мүмкіндік береді, – деді құрама командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары подполковник Аслан Нұржанов.

Дөңгелекті жүк техникасымен және жолаушылар автобустарымен машиналар паркін жаңарту бөлімшелердің техникалық әлеуетін нығайтуға және жауынгерлік дайындық іс-шараларын сапалы өткізуге ықпал етеді.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19