Арнайы операция: ҰҚК екі ірі есірткі зертханасын жойды

29 келіден аса «мефедрон» тәркіленді

Ұлас Үсенбай

2023 жылғы 17 және 24 шілдеде ҰҚК Астана қаласы мен Ақмола облысы бойынша департаменттері Ұлттық ұланды жұмылдыра отырып прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткінің екі ірі жасырын өндірісінің жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Заңсыз айналымнан 29 келіден аса «мефедрон» психотроптық заттары, 1 тоннадан аса прекурсорлар, сонымен қатар есірткі өндіруге арналған химиялық реагенттер мен арнайы зертханалық құрылғылар алынды.

«Тәркіленген есірткінің қара нарықтағы бағасы 580 млн теңгеден асуы мүмкін», - дейді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Ұсталған республикамыздың 4 азаматына қатысты сот санкциясымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-тармағы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19