Елімізде зейнетақы 51 пайызға дейін өседі

Ұлас Үсенбай

2027 жылға дейін базалық зейнетақы орта есеппен 51 пайызға артады. 2 миллионнан астам зейнеткер қолдауға ие болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов атап өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Өздеріңіз білетіндей, жаңа Әлеуметтік кодексті Парламент қабылдап, Мемлекет басшысы қол қойды. Ол 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Жаңа Кодексте ұсынылып отырған шаралар әлеуметтік қорғау жүйесін қайта ретке келтіруге мүмкіндік береді. Жалпы Кодекс халықаралық стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз етуге бағытталған. Осылайша, әлеуметтік қорғау және зейнетақымен қамтамасыз ету саласы бойынша барлық заңнама бір жүйеге келтірілді», - деді Үкімет басшысы.

Үкімет басшысының айтуынша, Әлеуметтік кодексте күші жойылған 10 заңның негізгі нормалары сақталды. Сонымен қатар жаңа ережелер де қарастырылған. Олардың барлығы халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

«Кодекстің маңызды жаңалығының бірі – зейнетақыны кезең-кезеңмен арттыру. Биылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылға дейін базалық зейнетақы мөлшері орта есеппен 51 пайызға өсетін болады. Яғни 2 миллионнан астам зейнеткер осы қолдау шараларымен қамтылады. Жалпы қабылданып жатқан шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27 пайызға арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ азаматтар өздерінің зейнетақы активінің 50 пайызын сенімгерлік басқаруға беруге құқылы болады. Жинақтың қалған бөлігі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында қалады. 1 шілдеден бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағы 14,5 пайызға ұлғаяды. Жалпы өсім – 23 пайыз», - деді Әлихан Смайылов.

__Последние новости

  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Кеше, 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59