Әскер спортшысы Әлем кубогында қола жүлде олжалады

Атыс бойынша рейтингтік Әлем кубогына бірнеше армия спортшысы қатысуда

Админ

Египеттің астанасы Каирде 66 елдің 600-ден астам атқышы қатысып жатқан атудан рейтингтік Әлем кубогы өтуде, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Қарулы күштерінің қызметкері Валерий Рахымжан Ирина Юнусметовамен жұптасып, 10m Air Pistol Mixed Team жаттығуында қола медаль жеңіп алды. Итальяндық спортшылар Chiara Giancamilli және Federico Nilo Maldini қазақстандықтарға 16:8 ұпаймен есе жіберді. 

Әлем кубогы спортшыларымызға ISSF кестесі бойынша өз рейтингін көтеруге және Франциядағы 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия алуға мүмкіндік береді. Айта кетер жайт, Валерий өзінің туған күнінде осындай беделді турнирде жүлделі орынға ие болды. Оны шын жүректен құттықтаймын және жаңа нәтижелі өнер көрсетулеріне тілектеспін, – деп атап өтті Орталық спорт клубы практикалық және стендтік ату командасының бастығы Жанел Серікбаева. 

Атыс бойынша рейтингтік Әлем кубогына армия спортшылары кіші сержант Әсем Орынбай, Қарулы Күштердің қызметшілері Эльдар Иманқұлов пен Юрий Юрков та қатысуда. Жарыс әлі бірінші ақпанға дейін жалғасады.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02