«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 4 500-ден астам нәресте дүниеге келді

ЭКҰ жүргізуге жыл сайын 7 000 квота бөлінеді

Админ

Қазақстанда бедеуліктен зардап шегетін пациенттердің міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде экстракорпоралдық ұрықтандыру арқылы медициналық көмек алу құқығы заңнамалық түрде бекітілген, 

Мемлекет басшысы өзінің халыққа Жолдауында Үкіметке 2021 жылдан бастап ЭКҰ-ға квоталарды 7 есеге арттыра отырып, «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске қосуды тапсырды.

Президенттің тапсырмасын сапалы іске асыру мақсатында Министрлік еліміздің жетекші бейінді мамандары қатарынан жұмыс тобын құрды, «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын бекітті, тиісті НҚА әзірледі.

Жалпы алғанда, фертилдік жастағы әйелдер мен ерлердің санын ескере отырып, өңірлер бөлінісінде ЭКҰ жүргізуге жыл сайын 7 000 квота бөлу жүргізіледі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘлМСҚ) медициналық ұйымдар бөлінісінде ЭКҰ қызметтерінің көлемін орналастырды. МӘМС шеңберінде мемлекеттік қызметті 19 клиника (оның ішінде 3 мемлекеттік, 16 жеке) ұсынады.

Сондай-ақ, Министрлік ай сайын орындалған бағдарламалардың тиімділігіне мониторинг жүргізеді.

«Аңсаған сәби» бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері 2022-2023 жылдары ЭКҰ 19 000-нан астам әйелге жүргізілді, 7 000-нан астам әйел жүкті болды, 3 800 отбасында 4 500-ден астам нәресте дүниеге келді, 2 500 жүкті әйел бала тууды күтуде.

Ағымдағы жылы 2023 жылға өңірлер бөлінісінде барлық 7 000 квота бөлінді.

Сонымен қатар, «Аңсаған сәби» бағдарламасының іс-шаралары «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасында ана мен бала денсаулығын сақтау жөніндегі тұжырымдаманың жобасында көзделгенін хабарлаймыз.

Мұның бәрі МӘМС жүйесінде 2030 жылға дейін жыл сайын дайындалған ЭКҰ пациенттерінің барынша көп санын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазақстан қосалқы репродуктивті технологияларды қолдана отырып, бедеулікті емдеуде алдыңғы қатарда, елде гинекология, андрология, генетика, эмбриология, перинатологиядағы соңғы технологиялар қолданылады.

Алайда, бедеулік - бұл көбінесе алдын алуға болатын және осылайша қымбат емдеуге деген қажеттілікті төмендететін ауру болып табылады.

Сондықтан Министрліктің бірінші кезектегі міндеттері жасөспірімдер мен жастарға профилактика және жыныстық білім беру бағдарламасын жетілдіру болып табылады. Бұл жыныстық жолмен берілетін инфекцияның алдын алу және емдеу, қауіпті аборттардың алдын алу, контрацепциямен қамту және саламатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

__Последние новости

  • Басты назарда

Шеберлік атыс даласында шыңдалады

22/09/2024 - 12:42
  • Басты назарда

Оқу-әскери жиыны басталды

22/09/2024 - 12:41
  • Басты назарда

Ашық есік күні

22/09/2024 - 12:40
  • Басты назарда

Әскерге шақыру жайы әңгімеленді

22/09/2024 - 12:39
  • Басты назарда

Астаналық жастар әскерге аттанды

22/09/2024 - 12:38
  • Басты назарда

Сән-салтанаты жарасқан шара

22/09/2024 - 12:37
  • Басты назарда

Атаулы күн атап өтілді

22/09/2024 - 12:35
  • Басты назарда

«Шексіз бауырластық-III» оқу-жаттығуы

22/09/2024 - 12:29
  • Басты назарда

Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Абай гарнизонындағы отбасы апталығы

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Мамандармен өткен кездесу

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

ҮЙДЕ ДЕ, ТҮЗДЕ ДЕ БІРГЕ

17/09/2024 - 21:22