«Алтын алқалы» аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері өседі

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған атаулы әлеуметтік көмек ақшалай берілуде. Жыл басынан бері мұндай көмек 171 мыңнан астам балаға көрсетілді. Жыл соңына дейін 212 мың балаға беріледі

Ұлас Үсенбай

Елімізде 1 шілдеден бастап «Алтын алқа» төсбелгісімен марапатталған аналардың  жәрдемақысы 7,4 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғаяды. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекс күшіне енеді. Бұл – ТМД аумағында алғаш рет қолданысқа енгізіліп отырған біртұтас әлеуметтік құжат. Кодекс адамның бүкіл өмір сүру кезеңін қамтиды. Атап айтқанда, туғаннан кәмелеттік жасқа толғанға дейінгі әлеуметтік қолдау, еңбекке қабілетті жаста жұмыспен қамту, еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік сақтандыру іс-шаралар, өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмек, жасы ұлғайған шақтағы қолдаулар сияқты әлеуметтік қолдаудың бәрі осы құжат арқылы реттеледі», - деді министр.

Әлеуметтік кодексте көзделген қолдау іс-шараларының біразы жыл басынан бері көрсетіліп келеді.

Жыл басынан бастап бала күтіміне байланысты мерзімі 1,5 жасқа дейін ұзартылды. Бүгінде мұндай көмекті 450 мыңнан астам отбасы алды. Жыл соңына дейін 800 мыңнан астам отбасы қамтылады деп болжанып отыр.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған атаулы әлеуметтік көмек ақшалай берілуде. Жыл басынан бері мұндай көмек 171 мыңнан астам балаға көрсетілді. Жыл соңына дейін 212 мың балаға беріледі.

1 шілдеден бастап «Алтын алқа» төсбелгісімен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері 25 мың теңгеге дейін арып, 90 мың анаға төлене бастайды.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02