Қазақстан мен Италия Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан әскерилер жерленген орындар бойынша келісім жасады

Қол қойылған құжаттар тізімі жарияланды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия Министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонидің арасында өткен келіссөзден кейін бірқатар құжатқа қол қойылды. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қол қойылған құжаттар тізімі:

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Италия Республикасының Үкіметі арасындағы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер жерленген орындардың мәртебесіне қатысты келісім;

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Италия Республикасының Әділет министрлігі арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Италия Республикасының Мәдениет министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Италия Республикасының Университеттер және зерттеулер министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Италия Республикасының Ұлттық мемлекеттік басқару мектебі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

Қазақстанның «Самұрық-Қазына» қоры мен Италияның «Cassa Depositi i Prestiti» компаниялар тобы арасында бірлескен инвестициялық қор құру және өңдеу өнеркәсібі, энергетика, логистика салаларына инвестиция салу туралы келісім;

Қазақстанның «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Италияның «ENI» компаниясы арасындағы жалпы қуаты 247 MBт болатын гибридті электр станциясын (жел электр станциясы, күн электр станциясы) салу жөніндегі бірлескен жобаны жүзеге асыру туралы бірлескен түпкілікті инвестициялық шешім.

__Последние новости

  • Басты назарда

Үстел ойынының жеңімпазы

28/04/2025 - 10:48
Админ
  • Басты назарда

Ұлық мерекеге арналды

27/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Қарт майдангерге құрмет көрсетілді

26/04/2025 - 15:40
  • Басты назарда

Ерлік пен батырлыққа толы жүз жыл

26/04/2025 - 10:39
  • Басты назарда

Ғасыр жасаған ардагер

25/04/2025 - 16:37
  • Басты назарда

Семей курсанттары ант қабылдады

25/04/2025 - 10:35
  • Басты назарда

Салтанатты жағдайда күтіп алды

23/04/2025 - 16:34
  • Басты назарда

Қортынды тексеріс

21/04/2025 - 17:17
  • Басты назарда

Көктемгі әскерге шақыру

21/04/2025 - 09:32
  • Басты назарда

Психологтар жиыны

20/04/2025 - 14:47
  • Басты назарда

Ерлікке тағзым етеміз!

20/04/2025 - 11:51