Еуропарламент алғаш рет Газа секторында атысты толықтай тоқтатуға шақырды

Қақтығыс басталғалы бері 24 мыңнан аса палестиналық қаза болған

Еуропарламент алғаш рет Газа секторында ХАМАС пен Израильарасындағы атысты толықтай тоқтатуға шақырды. Депутаттар Таяу Шығыстағы жағдайды тұрақтандыруды қолдады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл қарардың әзірге заңды салмағы жоқ. Ол Страсбургтегі пленарлық отырыста 131 қарсы, 72 қалыс қалған және 312 дауыспен қолдау тапты.

Португалдық социал-демократ Педро Маркеш Газа секторындағы жағдайға байланысты пікір білдірді.

«Газа секторы жермен-жексен болды. Соғысты тоқтататын кез келді. Таяу Шығыста және осы екі ел арасында ұзақ мерзімді бейбітшілікті құру үшін тиісті гуманитарлық қолдау мен қадамдарға жағдай жасайтын уақыт келді. Бұл соғысты тоқтатып, бейбітшілік орнататын кез келді», – дейді ол.

Газаның денсаулық сақтау министрлігі ХАМАС пен Израиль арасындағы қақтығыс басталғалы бері 24 мыңнан аса палестиналық қаза болғанын мәлім етті.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02