Әскери спорт: армиялық қоян-қолтық ұрыстан еліміздің үздіктері анықталды

150-ге жуық спортшы әскери қызметшілер қатысты

Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері арасында армиялық қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтті. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс мминистрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының кубогына Абай, Өскемен, Аягөз, Үшарал және Жаңғызтөбе гарнизондарынан 15 команда құрамында 150-ге жуық спортшы әскери қызметшілер қатысты. 

Өңірдің кіл мықты спортшылары өнер көрсеткен тартысты дода әскери-қолданбалы спорт түрлерінен Қарулы күштердің XXI Спартакиадасы аясында өтті. 

Чемпионаттың ашылу салтанатына "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов қатысып, әскери қызметшілердің дайындығында қоян-қолтық ұрыстың маңыздылығын атап өтті. 

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының кубогын 44736 (Семей қ.) әскери бөлімінің командасы олжалады. Екінші орын 27943 әскери бөліміне (Өскемен қ.), үшінші орын – 40398 әскери бөліміне (Үшарал қ.) берілді.

Мерзімді қызметтің әскери қызметшісі Александр Петряшин "Үздік спортшы" номинациясын иеленді. 

Спорттық іс-шараны ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінің директоры, самбодан екі дүркін әлем чемпионы Қайратбек Күнсафинге алғыс жарияланды.

Жарыс чемпиондары мен жүлдегерлері медальдармен, грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздар алдағы Қарулы күштерің чемпионатына жолдама алды.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19