Ресейде әскерге шақыру 30 жасқа дейін ұлғайды

2024 жылдан бастап Ресейде әскерге шақырудың жас шекарасы кеңейе түсті

Админ

1 қаңтардан бастап Ресейде әскерге шақыру жасының жоғарғы шекарасы 30 жасқа дейін көтеріледі, ал төменгі шегі 18 жас болып қалады, деп хабарлайды Sarbaz.kz rbc.ru сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, 2023 жылдың тамызында Ресей президенті Владимир Путин әскерге шақырудың шекті жасын 27 жастан 30 жасқа дейін өзгерту туралы Заңға қол қойған еді. Төменгі шекараны 18 жас мөлшерінде қалдыру бойынша Мемлекеттік Думада көп пікірталас болып, ақыры оны өзгертпеу туралы шешім қабылданды.

2023 жылдың шілде айының соңында Мемлекеттік Думаның Қорғаныс комитетінің басшысы Андрей Картаполов төменгі шекараны 21 жасқа дейін көтеру туралы шешім қабылданбайды деп мәлімдеді. Депутаттың айтуынша, азаматтарға әскерге 18 жастан бару әлдеқайда оңай.

Осыған қоса Путин шақыру қағазын алғаннан кейін азаматтың шетелге шығуына тыйым салу туралы Заңға да қол қойды. Енді әскери комиссариат шақыру қағазы жіберілетін күні әскерге шақырылушыға шекараны жабу туралы шешім шығарады.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19