Төтенше жағдайлар министрі қазақстандықтарға үндеу жасады

Күштер мен құралдар тұрақты әзірлікте тұр

Админ

Төтенше жағдайлар министрінің айтуынша, 30 желтоқсаннан 3 қаңтар аралығында ТЖМ бөлімшелері төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін қызметтің күшейтілген режиміне көшкен, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Мереке күндері ауа-райының қолайсыздығына байланысты азаматтардан дауылды ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылауды, сондай-ақ алыс сапарға шықпауды сұраймын. Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуды ұсынамын. Қазір ауа-райының күрт жылынуына байланысты еліміздің кейбір өңірлерінде су айдындарында мұздың жұқарғаны байқалады. Осыған байланысты азаматтардан жұқа мұзға шықпауды және қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін қатаң сақтауды сұраймын! – деді министр.

Сонымен бірге, ведомство басшысы жаңа жылдық іс-шараларды ұйымдастырушылар мен азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтауға шақырды. Үй-жайда отшашулар мен өртке әкелуі мүмкін басқа да өрт қауіпті жарық әсері бар құралдарды пайдалануға болмайды.

Пиротехникалық құралдарды абайсыз қолдану өрттің пайда болуына ғана емес, сонымен қатар жарақат пен мертігуге әкелуі мүмкін екенін еске саламын. Сонымен қатар, тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмау қажет. Қарапайым ережелерді сақтау сіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді. Жаңа жыл отбасылық мереке екенін ескере отырып, оны үйде отбасымен қарсы алуды ұсынамын, – деді Сырым Шәріпханов.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19