1 қаңтардан бастап 7-20-25 ипотекасы қалай өзгереді

Бағдарламаның 2024 жылғы бюджеті бекітілді

Админ
Ұлттық банк "7-20-25" ипотекалық несиелендіру бағдарламасының қалай өзгеретінін айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz ҰБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2023 жылғы 25 желтоқсанда Ұлттық Банк Басқармасының № 104 қаулысы қабылданды, онда:

2024 жылы бағдарламаны қаржыландырудың жылдық көлемін рұқсат етілген ең жоғары деңгейде 100 млрд теңге мөлшерінде белгілеу және бюджетті тоқсан сайын 25 млрд теңгеден бөлу; бағдарлама бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқықтарын сенімгерлік басқарғаны үшін банктердің сыйақысын жылдық 3%-дан 2,5%-ға дейін төмендету көзделеді. Бұл түзету бағдарлама операторы — «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ мен бағдарламаға қатысушы банктер арасында белгіленетін құқықтық қатынастарды қозғайды және азаматтарды кредиттеу шарттарына әсер етпейді» делінген хабарламада.

Айта кетейік, бағдарлама 2018 жылы жұмыс істейтін азаматтарды 25 жылға дейінгі мерзіммен және 20%-дан басталатын бастапқы жарнамен 7%-дық жеңілдікті мөлшерлеме бойынша қолжетімді ипотекамен қамтамасыз ету үшін іске қосылған.

2023 жылғы 28 желтоқсандағы жағдай бойынша бағдарлама аясында 974,1 млрд теңгеге 71 699 жеңілдікті қарыз берілді.

Қаулының толық мәтінімен ҚР ҰБ сайтында танысуға болады.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

Кеше, 17:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

Кеше, 16:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

Кеше, 16:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 10:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 10:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 18:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 12:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 12:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 12:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 12:02