Еліміздің әскери бөлімдерінде жаңа жылдық акциялар өтіп жатыр

Мерекелік іс-шаралар "Тілектер шыршасы" акциясы аясында өтуде

Админ

Жаңа жылға орай Қарулы күштердің гарнизондары мен мекемелерінде ертеңгіліктер, қойылымдар мен қайырымдылық акциялары өтіп жатыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада Қарулы күштердің бас шыршасын жағу рәсімі кезінде Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов «Арман-тілектер» акциясын бастады. Мерекелік шарада балалардың Аяз Атаға жазған хаттары оқылды. 

Олардың кейбірі танкистермен, әскери ұшқыштармен және теңізшілермен кездескісі келіп, аталған мамандықтар туралы көбірек білсем деген қызығушылықтары болды. Балалардың тілектерін Қарулы күштер түрлерінің бас қолбасшылары, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары орындады. 

Қалалық олимпиаданың жеңімпазы шымкенттік он жасар Арсен Майлыбай танкист болуды армандайды екен. Ол жауынгерлік техниканың ішін көрсем деген өтінішін хатында жазған. Оның арманын «Оңтүстік» ӨңҚ әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қуанышбек Үштаев жүзеге асырды. 

Ол Арсенді 35748 әскери бөліміне шақырып, оған өзі шлемофон кигізіп, танк командирінің орнына отырғызды. Танкистер оқушыға бұл техниканың ерекшеліктерін айтып, жауынгерлік машинаны қалай жүргізетінін көрсетті. Тілегі орындалған Арсен әскери қызметшілерге рахметін айтты. Қоштасарда: «Қазақстан еліне қызмет етемін», деді.  

Мағжан мен Інжу Дадахметтер Ақмола облысының Ақмол аудан орталығында тұрады. Олар тоғыз жаста. Балалар-аудандық пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері. Мағжан каратэмен, ал Інжу – би мен вокалмен айналысады. Балалар әскери ұшқыш мамандығына қызығады екен. 

Оқушыларды Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов қарсы алды. Жаңа жылдық сыйлықтарды берген соң, ол балалардың тілектерін орындауға уәде берді. Ұшқыштар егіздерге бұл мамандықтың ерекшелігі мен ұшақтар жайында әңгімелеп берді. Әскери тікұшақпен ұшқан балаларға бұл күн естен кетпес әсер қалдырды.  

Бұл күндері Ақтаудан келген он жасар Нұршат Идаяттың да нағыз әскери кемемен теңізде саяхат жасасам деген арманы орындалды. Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжанов Аяз Атамен бірге баланың тілегін іске асырды. 

Олар Нұршатты ашық теңізге шығатын «Маңғыстау» зымыранды-артиллериялық корабліне қонаққа шақырды. Саяхат кезінде оқушы теңізші мамандығы туралы көптеген қызықты нәрселерді білді. Теңізшілер Нұршатты түскі астан дәм татқызып, кабиналардағы жұмыс орындары мен жатын жайды көрсетті. Теңіз саяхаты Нұршаттың жадында қалсын деп, олар балаға «Жас теңізші» сертификатын табыс етті. 

Қарулы күштер Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің бастығы генерал-майор Бауыржан Артықов жергілікті әскери басқару органдары әскери қызметшілерінің отбасыларына барды. Сол департаменттің ресурстарды басқарудың автоматтандырылған жүйесінің технигі 3-сыныпты сержант Жасұлан Асылбеков пен Астана қаласының Алматы ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы бөлімшесінің бастығы сержант Айгүл Өтебаеваның үйіне ол Аяз Атамен, Ақшақармен және ертегі кейіпкерлерімен бірге келді. Балаларға сыйлықтар үлестіріп берген соң Қорғаныс министрлігі департаментінің басшысы балаларға жаңа жылда жақсы көңіл-күй мен толағай табыс тіледі. 

Астанадағы Ұлттық әскери-патриоттық орталықта ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған мерекелік шара өтті. ҚР Қарулы күштері әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы Тәттігүл Смағұлова мұндай мерекеде бірде-бір бала назардан тыс қалмайтынын айтты. Келе алмаған балаларға Аяз Ата мен Ақшақар сыйлықтарымен міндетті түрде өздері барады деді.

Алматы өңірлік гарнизонында мыңнан аса әскери қызметшілердің балаларына жаңа жылдық шаралар ұйымдастырылды. Бүлдіршіндерге Ұлттық әскери-патриоттық орталық филиалының шығармашылық ұжымы жаңа жылдық ертеңгіліктер мен «Гринч – Жаңа жылды ұрлаушы» спектаклін ұйымдастырды.  Ақтау гарнизонында жаңа жылдық ертеңгілік театрландырылған қойылымнан басталды, соның арқасында балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге ғажайыптар еліне барып қайтты.

Мұндай шараларды ұйымдастырушылар ерекше көңіл бөлуді қажет ететін балалардың отбасыларын да назардан қалдырған емес. "Тілектер шыршасы" акциясы жалғасу үстінде.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22